Орта білім берудегі гендерлік мәдениет мәселесінің зерттелуі: библиометриялық талдау (2005-2025)

2026

Полный текст Открытый доступ: Gold Метаданные (CSL-JSON)
DOI 10.59941/2960-0642-2026-1-154-167
Достоверность данных 70 средняя
Как считается эта оценка

Складывается из проверяемых признаков самой записи: есть ли у статьи DOI, сколько независимых источников подтвердили её данные, заполнены ли обязательные поля и насколько свежо последнее подтверждение. Снижают оценку расхождения между источниками и отсутствие идентификатора. Значение от 80 означает, что запись опубликована без дополнительной проверки; от 60 до 79 — что она опубликована с пониженной достоверностью и ручная проверка желательна. Запись, выверенную редактором вручную, пересчёт не опускает ниже 90. Это оценка наших данных о статье, а не оценка самой статьи.

Аннотация

Қазіргі таңда орта білім берудегі гендерлік мәдениетті зерттеуге, қалыптастыруға бағытталған отбасылық және гендерлік жобаларды іске асыру мәселесі өзекті. Бұл зерттеу 2005-2025 жылдар аралығында Web of Science дерекқор базасында «гендер», «гендерлік мәдениет», «гендерлік рөл», «гендерлік норма», «гендерлік сәйкестік» сөздері негізінде жарияланған жарияланымдардың библиометриялық талдауын ұсынады. Библиометриялық талдау VOSviewer бағдарламасы арқылы жүзеге асырылып, келесі негізгі көрсеткіштер қарастырылды: жылдар бойынша жарияланымдардың динамикасы, елдер арасындағы ғылыми ынтымақтастық, авторлар мен ұйымдардың бірлескен еңбектері, авторлар арасындағы дәйексөз байланыстары және кілт сөздердің жиі кездесуі. VOSviewer көмегімен алынған мәліметтер ғылыми байланыстар мен серіктестік желілерін визуалды түрде көрсетуге мүмкіндік береді.Зерттеу нәтижелері деректер базасында айтарлықтай өзгерістердің бар екенін көрсетті. Зерттеу тақырыбына ықпал ететін баспа - «Taylor & Francis», ал «Frontiers in Psychology» жетекші журнал болып табылады. Гендерлік мәдениет мәселесін зерттеген жетекші авторлар - Heilman M.E., Mahalik J.R., ал АҚШ жарияланымдар саны бойынша көшбасшы. Зерттеу тақырыбы бойынша авторлар арасындағы ынтымақтастық серіктестік талдаулары жүргізіліп, L.Baezconde-Garbanati, N.Greenberg, B.Derks және т.б. авторлар арасында ынтымақтастық анықталды. «New York University» ұйымы зерттеу мәселесі бойынша ең көп жарияланым жасаған, жетекші ұйым болып табылды. Зерттеу тақырыбы аясында анықталған кілт сөздер ғылыми жарияланымдардың негізгі тақырыптық бағыттарын құрап тұр. Түрлі түстермен бөлінген кластерлер анықталды, бұл зерттеу тақырыбының кеңдігін көрсетеді. Зерттеу барысында анықталған нәтижелер гендерлік саясат тұжырымдамасын іске асыруға негіз бола алады.