Тіл сабағында дислексиясы бар балаларды оқыту: библиометриялық талдау

2026

Полный текст Открытый доступ: Gold Метаданные (CSL-JSON)
DOI 10.59941/2960-0642-2026-1-248-260
Достоверность данных 70 средняя
Как считается эта оценка

Складывается из проверяемых признаков самой записи: есть ли у статьи DOI, сколько независимых источников подтвердили её данные, заполнены ли обязательные поля и насколько свежо последнее подтверждение. Снижают оценку расхождения между источниками и отсутствие идентификатора. Значение от 80 означает, что запись опубликована без дополнительной проверки; от 60 до 79 — что она опубликована с пониженной достоверностью и ручная проверка желательна. Запись, выверенную редактором вручную, пересчёт не опускает ниже 90. Это оценка наших данных о статье, а не оценка самой статьи.

Аннотация

Қазіргі таңда инклюзивті білім беру – білім беруді дамытудың басым бағыттарының бірі. Ол барлық білім алушылардың ерекше білім беру қажеттіліктері мен жеке мүмкіндіктерін ескере отырып, олардың сапалы білімге тең қолжетімділігін қамтамасыз етуге бағытталған. Бұл мақалада ерекше қажеттіліктердің бір тобын құрайтын оқытудағы қиындықтарға, оның ішінде дислексияға ерекше назар аударылды. Зерттеудің мақсаты – тіл сабақтарында дислексиясы бар балаларды оқытуға қатысты ғылыми жарияланымдарға талдау жасау. Зерттеу библиометриялық талдауға негізделген және 2000-2024 жылдар аралығында Scopus базасында жарияланған деректерді талдауды қамтыды. Сондай-ақ мақалада зерттеудің негізгі тақырыптық бағыттарын анықтау, негізгі терминдерді визуализациялау мақсатында VOSViewer бағдарламалық құралы пайдаланылды. Зерттеу нәтижелері берілген мәселеге қатысты ғылыми қызығушылықтың тұрақты түрде артып жатқанын көрсетті, сонымен қатар зерттеудің негізгі бағыттарын анықтауға мүмкіндік берді. Зерттеудің пәнаралық сипатқа ие екендігі және педагогика, психология және лингвистика салаларын қамтитындығы анықталды. Алынған нәтижелер бұл тақырыптың негізгі тенденцияларын анықтап қана қоймай, болашақтағы зерттеулердің перспективалы бағыттарын белгілеуге және инклюзивті білім беру жағдайында дислексиясы бар балаларды оқытуды жетілдіру жолдарын анықтауға мүмкіндік берді.