Аннотация
Құсеті және алма жомы ұнтағын пайдалана отырып жартылай ет фабрикаттары дайындалды. Дайын өнімді зерттеу нәтижесінде бақылау және тәжірибелік үлгілердің түс сипаттамалары 𝐿(ашықтығы), a (қызылдығы) және 𝑏(сары түсі) сақтау процесінде зерттелді, сондай-ақ жартылай дайын ет өнімдерінің жалпы түсі анықталды.Алынған нәтижелер негізінде сақтау процесі барысында түс тұрақтылығының көрсеткіштерінің L* (ашықтық) мәні 5 %, 10%, 15%, 20%,25%, 30% көбейген сайын жоғарылады (мысалы, 84.6±1.28-ден 91.5±1.46-ға дейін), бұл пигменттер мен талшықтың өзара әрекеттесуіне байланысты өзгеріп отырады. Ал a* (қызыл түс) көрсеткіші 11.5±0.11-ден 7.74±0.28-ге дейін біршама төмендегенін байқаймыз. b* (сарғыш түс) үлестік мәні бастапқыда жоғары болса да 33.8±0.37-ден 26.1±0.23-ке дейін алма ұнтағы мөлшерінің артуына сәйкес өзгеретіні байқалады.