REPRODUCTIVE TRAITS OF SHEEP, INHERITANCE OF COAT COLOR AND TAIL TYPE IN CROSSBREEDING OF KAZAKH SHEEP BREEDS WITH DIFFERENT PRODUCTIVITY ORIENTATIONS

2026

Закрытый доступ Метаданные (CSL-JSON)
DOI 10.52081/bkaku.2026.v76.i1.313
Достоверность данных 70 средняя
Как считается эта оценка

Складывается из проверяемых признаков самой записи: есть ли у статьи DOI, сколько независимых источников подтвердили её данные, заполнены ли обязательные поля и насколько свежо последнее подтверждение. Снижают оценку расхождения между источниками и отсутствие идентификатора. Значение от 80 означает, что запись опубликована без дополнительной проверки; от 60 до 79 — что она опубликована с пониженной достоверностью и ручная проверка желательна. Запись, выверенную редактором вручную, пересчёт не опускает ниже 90. Это оценка наших данных о статье, а не оценка самой статьи.

Аннотация

Бұл мақалада қойлардың көбею қабілеттері, сондай-ақ әртүрлі өнімділік бағытындағы қазақи қой тұқымдарын будандастыру арқылы алынған төлдердің жүн түсі мен құйрық пішінінің тұқым қуалаушылығы қарастырылған. Зерттеу жұмыстары «АқБас-Павлодар» және «Бепен» шаруашылықтарында жүргізілді. Өнеркәсіптік және зауыттық будандастыру әдістерін қолданатын эксперименттер қойлардың ұрықтану қабілетінің, төлдің жалпы шығымының және жүн түсі мен құйрық пішінінің фенотиптік әртүрлілігінің артқанын көрсетті. Ең жоғары көрсеткіштер «Бепен» шаруа қожалығында өнеркәсіптік будандастыру кезінде байқалды, мұнда қозының жалпы шығымы 107,9 % құрады. Зерттеу жұмыстар жүргізілген бақылау топтарында фенотиптік біркелкілікте болғанын, ал тәжірибелік топтарда сыртқы белгілердің айтарлықтай әртүрлілігі байқалғанын көрсетті, бұл гетерозиготалы әсерді және аталықтардың генетикалық параметрлерінің әсерін көрсетеді. Алынған нәтижелер будандастыру үлгілерін таңдауға сараланған тәсілдің қажеттілігін растайды: өнімділікті арттыру үшін өнеркәсіптік будандастыру және қалаулы тұқымдық белгілерді бекіту үшін зауыттық будандастыруды пайдалану тиімді екендігін көрсетті. Зерттеу қой малының генетикалық жаңаруының маңыздылығын атап көрсетеді және қалаулы тұқымдық белгілері бар жаңа тұқымішілік түрлерді жасау үшін болашақ асылдандыру бағдарламалары үшін құнды негіз болып табылады.