CUBESAT ПАЙДАЛЫ ЖҮКТЕМЕСІМЕН БІРІКТІРІЛГЕН S -, C ЖӘНЕ X-КӨП ДИАПАЗОНДЫ МИКРОЖОЛАҚТЫ АНТЕННАЛЫҚ ТОРДЫ ЖОБАЛАУ

2026

Закрытый доступ Метаданные (CSL-JSON)
DOI 10.51775/2790-0886_2026_72_1_141
Достоверность данных 70 средняя
Как считается эта оценка

Складывается из проверяемых признаков самой записи: есть ли у статьи DOI, сколько независимых источников подтвердили её данные, заполнены ли обязательные поля и насколько свежо последнее подтверждение. Снижают оценку расхождения между источниками и отсутствие идентификатора. Значение от 80 означает, что запись опубликована без дополнительной проверки; от 60 до 79 — что она опубликована с пониженной достоверностью и ручная проверка желательна. Запись, выверенную редактором вручную, пересчёт не опускает ниже 90. Это оценка наших данных о статье, а не оценка самой статьи.

Аннотация

Бұл мақалада CubeSat шағын ғарыш аппараты үшін оптикалық камерамен біріктірілген S, C- және X- көп диапазонды 2×2 конфигурациялы микрожолақты антенналық тордың құрылымы ұсынылды. Бұл әдіс энергия тұтыну мен байланыс жүйесінің тиімділігін арттырады, әрі CubeSat платформасының басқа да борттық ішкі жүйелерімен үйлесімділігін қамтиды. Антенналық тордың бір элементі өлшемі 27 мм шаршы тәріздес және оңтайландыру үшін шаршының әр қабырғасының ортасында 4 мм шаршы қиылды, жалпы көлемі CubeSat-тың 1U форматына сәйкес келеді. Ansys HFSS бағдарламасынан алынған электрмагниттік модельдеу нәтижелері 3,2 ГГц (S-диапазон), 7,2 ГГц (C-диапазон) және 8,2 ГГц (X-диапазон) жиіліктерінде жақсы импеданстық үйлесімге ие екенін көрсетті. Жұмыс жиіліктерінде шағылу коэффициенттері (S₁₁) –15 дБ-ден төмен, күшейту коэффициенттері 9 дБ-ден жоғары. Ұсынылған модель жүйенің электромагниттік тұтастығын бұзбай, оптикалық камераны тиімді орналастыруға және пайдалы жүктеме элементтерінің өзара электромагниттік әсерін азайтуға мүмкіндік береді. Антенналық торды пайдалы жүктемемен біріктірудің мұндай тәсілі CubeSat платформасының өлшемі, көлемі және массасына қойылатын барлық құрылымдық және функционалдық талаптарды қанағаттандырып қана қоймай, сонымен қатар жүйенің сенімділігі мен байланыс тиімділігін арттыруға ықпал етеді.