Аннотация
Жидек дақылдарының жоғары дамыған көшеттік базасының болуы бау-бақша шаруашылығын дамытудың басты факторы болып табылады. Бұл мақалада Қазақстандағы жидек дақылдары көшеттіктерінің қазіргі жағдайы көрсетілген. Интенсивті жидек шаруашылығын дамыту жидек дақылдарының неғұрлым өнімді, сапалы сорттарын өндіріске енгізуге негізделген. Бірнеше жыл ішінде егіс алқаптарының және жидек дақылдарының жалпы жалпы жиналым динамикасы көрсетілген. Қазақстанда бүлдіргеннің өсіру алаңы 1040,1 га құрайды. Бүлдіргеннің және басқа да жидек дақылдарын өсірудің тежеуші факторы көшеттік базаның болмауы болып тұр. Демек, көшеттіктерді дамыту мәселесі өзекті болып табылады. Қазақстанда сауықтырылған, вируссыз отырғызу материалының жеткіліксіз мөлшері өндіріледі, оны өсіру мен сертификаттаудың бірыңғай жүйесі қалыптаспаған және жұмыс істемейді. Қазіргі заманғы жидектердің өнеркәсіптік өндірісі жоғары сапалы отырғызу материалын өсіру технологиясын жетілдіруді қамтиды; суарудың және тыңайтқыштың неғұрлым озық әдістерін енгізу; қопсыту материалдарын пайдалану; жидектердің нарыққа келу мерзімін ұзарту; заманауи техникалық құралдар мен дақылдарға арналған конструкцияларды барынша пайдалану. Осының бәрі жидек дақылдарының плантацияларын өсірудің өнімділігі мен экономикалық тиімділігін айтарлықтай арттыруға мүмкіндік береді. Сондықтан Қазақстанда көшеттіктерді дамыту мәселесі өзекті және уақытылы болып отыр.