АСТАНА ҚАЛАСЫНДА TELE2/ALTEL ОПЕРАТОРЛАРЫНЫҢ UMTS ЖЕЛІСІН ӨШІРУ ЖӘНЕ ЖИІЛІК ЖОСПАРЫН ОҢТАЙЛАНДЫРУ ТӘЖІРИБЕСІ

2026

Закрытый доступ Метаданные (CSL-JSON)
DOI 10.51775/2790-0886_2026_72_1_252
Достоверность данных 70 средняя
Как считается эта оценка

Складывается из проверяемых признаков самой записи: есть ли у статьи DOI, сколько независимых источников подтвердили её данные, заполнены ли обязательные поля и насколько свежо последнее подтверждение. Снижают оценку расхождения между источниками и отсутствие идентификатора. Значение от 80 означает, что запись опубликована без дополнительной проверки; от 60 до 79 — что она опубликована с пониженной достоверностью и ручная проверка желательна. Запись, выверенную редактором вручную, пересчёт не опускает ниже 90. Это оценка наших данных о статье, а не оценка самой статьи.

Аннотация

Бұл мақалада Астана қаласында Tele2/Altel операторының UMTS (3G) RAT-ын өшіру процесі және GSM желісінде 10 МГц жиілік жолағын енгізу тәжірибесі толық сипатталады. Процесс мұқият жоспарланып, бірнеше кезеңнен тұрды: желі конфигурациясын талдау, Huawei жабдықтарының MML командалары арқылы жиіліктерді тазарту, көршілес базалық станцияларды жаңарту және арналарды кеңейту. Зерттеу мәселесі ескірген үшінші буын технологиясының спектрлік ресурстарды тиімсіз пайдалануына байланысты туындайды, бұл желінің өткізу қабілетін шектейді және төртінші буын желісінің дамуына кедергі келтіреді. Жұмыстың негізгі идеясы спектрді қайта бөлу (refarming) арқылы UMTS технологиясын өшіріп, 900 МГц ауқымындағы ресурстарды тиімді пайдалануға және LTE желісін күшейтуге бағытталған. Бұл қадам қамту аймағын жақсартуға, ішкі ғимараттардағы сигнал сапасын арттыруға және жалпы төртінші буын қызметтерінің тұрақтылығын қамтамасыз етуге мүмкіндік берді. Машиналық оқыту әдістері, атап айтқанда Gaussian Process Regression және Neural Networks, интерференцияны болжауға мүмкіндік берді, бұл жиілік жоспарын тиімді етті. Бұл әдістердің артықшылықтары болжамдардың жоғары дәлдігі мен интерференцияны азайту мүмкіндігі болып табылады, ал кемшіліктері үлкен көлемдегі деректерді қажет етуі және есептеу ресурстарының қарқындылығы. Atoll бағдарламасының Automatic Frequency Planning модулі трафик статистикасы мен географиялық деректерді пайдаланып, жиілік жоспарын құруға көмектесті, интерференцияны 20–30%-ға азайтты. UMTS өшірілгеннен кейін электрлік тилттер (RET) және BCCH жиіліктерін қайта жоспарлау арқылы жергілікті оптимизация жүргізілді. Қазіргі уақытта Nemo Outdoor құралымен драйв-тесттер арқылы сигнал сапасы мен қамту аймағы бағалануда. 900 МГц ауқымында LTE желісін 5 МГц жолағымен іске қосу нәтижесінде трафиктің айтарлықтай өсуі тіркелді. Апталық орташа күндік трафик жұмыстар алдында шамамен 3110,56 МБ құраса, жұмыстардан кейін 86943,49 МБ-қа жетті, бұл шамамен 28 есе өсімді көрсетеді. Апта бойынша жалпы трафик жұмыстар алдында 93,32 ГБ шамасында болса, жұмыстардан кейін 2608,30 ГБ-қа өсті. 900 МГц LTE желісін іске қосу коэффициенті шамамен 28,52 есе құрады. Бұл Қазақстандағы GSM желісінде 10 МГц жиілік жолағын алғаш қолдану тәжірибесі болды, ол желі сенімділігін арттырып, 4G және 5G технологияларына ауысуды жеңілдетті. Машиналық оқыту мен Atoll телекоммуникация саласындағы инновациялық шешімдердің маңыздылығын дәлелдеді, желі сапасын жақсартып, болашақ технологияларға жол ашты. Осы жоба ескірген радиотехнологияларды заманауи стандарттарға тиімді ауыстырудың үлгісі ретінде аймақтағы басқа операторлар үшін құнды практикалық тәжірибе болып табылады.