Аннотация
Мақала 2023-2025 жылдар аралығында Апорт алма сұрпы мен Сиверс алмасының (Malus sieversii Ledeb.) қатысуымен қалыптастырылған сұрып-тамырсабақ комбинацияларын кешенді зерттеу нәтижелері ұсынылған. Зерттеулер химиялық қорғау құралдарын қолданбай, 5 гектар аумақтағы өндірістік бақ жағдайында жүргізілді. Вегетация кезеңінде ағаштардың биометриялық көрсеткіштері (діңнің шеңбері, биіктігі, тәждің ені, біржылдық өркеннің өсуі және жапырақ ауданы) есепке алынып, фитопаталогиялық бақылау жүргізілді. Зерттеу нәтижелері барлық сұрып-тамырсабақ комбинацияларының топырақ-климаттық жағдайларға жақсы бейімделгенін және қалыпты өсіп-дамығанын көрсетті. Ең жоғары өсу көрсеткіштері №1, №2, №5, №6 және №18 формаларында байқалды. Үш жылдық орташа деректер бойынша таз қотыр мен ақ ұнтақ зеңніңдаму деңгейі төмен болып, тиісінше 1,3% және 1,7%-ды құрады, ал бактериялық күйік әлсіз дәрежеде байқалады (орта есеппен 4,6%). Сонымен қатар, молекулалық-генетикалық талдау нәтижесінде бактериялық күйік пен таз қотырға төзімділікпен байланысты AE-375, GE-8019, OPL19 және OPL18 маркерлері бойынша оң нәтиже көрсеткен генотиптер анықталды. Алынған нәтижелер Апорт алма сұрпының құнды шаруашылық-биологиялық белгілерін сақтай отырып, оны жаңғырту мен селекциялық жұмыстарда пайдаланудың болашағы зор екенін дәлелдейді.