ХІХ ғ. 70-жж. ОСМАН ИМПЕРИЯСЫНДАҒЫ БАЛҚАН МӘСЕЛЕЛЕРІ БОЙЫНША ОТТО ФОН БИСМАРКТІҢ САЯСИ ҰСТАНЫМДАРЫ ЖӘНЕ БЕРЛИН КОНГРЕСІ

2026

Полный текст Открытый доступ: Gold Метаданные (CSL-JSON)
DOI 10.51889/2959-6017.2026.88.1.007
Достоверность данных 70 средняя
Как считается эта оценка

Складывается из проверяемых признаков самой записи: есть ли у статьи DOI, сколько независимых источников подтвердили её данные, заполнены ли обязательные поля и насколько свежо последнее подтверждение. Снижают оценку расхождения между источниками и отсутствие идентификатора. Значение от 80 означает, что запись опубликована без дополнительной проверки; от 60 до 79 — что она опубликована с пониженной достоверностью и ручная проверка желательна. Запись, выверенную редактором вручную, пересчёт не опускает ниже 90. Это оценка наших данных о статье, а не оценка самой статьи.

Аннотация

ХІХ ғасырдың 70-жылдары халықаралық қатынастарда Осман империясының Балқан провинциялары үшінсаяси мәселелер күшейді. Бұл кезеңде Осман империясына қарасты болған Болгария, Сербия, Босния және Герцеговина, Румыния сынды провинциялардың тәуелсіздігі мен автономиялық дербестігі жолында әлемдік империялар арасында дипломатиялық тартыс жүрді. Бұл мәселелер Англия, Ресей, Австро-Венгрия және Осман империясы арасында «Шығыс мәселесінің» аясында орын алды. Уақыт өте Балқан мәселелеріне осы кезеңде Еуропада күшейіп келе жатқан Германия араласа бастады. ХІХ ғ. 70-жж. Балқан мәселелері бойынша бірнеше халықаралық жиындар ұйымдастырылып, соның ең негізгісі 1878 жылы болған Берлин конгресі болды. Берлин конгресі Кайзерлік Германия канцлері Отто фон Бисмарк тарапынан ұйымдас-тырылды. Германияның Балқан мәселесіне қатысты саясатына байланысты Бисмарктің өзіндік ұстанымдары қалыптасты. Ғылыми мақалада, герман канцлері Отто фон Бисмарктің аталған кезеңдегі Балқан мәселесіне қатысты саяси ұстанымдары зерттеледі. 1878 жылы болған Берлин конгресінде герман канцлері Отто фон Бисмарктің Осман империясына және еуропалық империяларға деген саясаты ғылыми талдауға түседі. Сонымен қатар, конгрестің барысы мен нәтижелері және Бисмарктің саяси қызметі зерттеледі. Берлин конгресінде болған халықаралық мәселелер мен конгрестің герман-түрік байланыстарына ықпалы қарастырылады.