ҒЫЛЫМИ РЕАЛИЗМНІҢ МЕТАФИЗИКАЛЫҚ АЛҒЫШАРТТАРЫ: КЛАССИКАЛЫҚ ЖӘНЕ ҚАЗІРГІ КӨЗҚАРАСТАР

2026

Закрытый доступ Метаданные (CSL-JSON)
DOI 10.48010/2026.1/1999-5911.06
Достоверность данных 70 средняя
Как считается эта оценка

Складывается из проверяемых признаков самой записи: есть ли у статьи DOI, сколько независимых источников подтвердили её данные, заполнены ли обязательные поля и насколько свежо последнее подтверждение. Снижают оценку расхождения между источниками и отсутствие идентификатора. Значение от 80 означает, что запись опубликована без дополнительной проверки; от 60 до 79 — что она опубликована с пониженной достоверностью и ручная проверка желательна. Запись, выверенную редактором вручную, пересчёт не опускает ниже 90. Это оценка наших данных о статье, а не оценка самой статьи.

Аннотация

Бұл мақалада ғылыми реализмнің метафизикалық негіздері тарихи-философиялық тұрғыда қарастырылып, классикалық және қазіргі бағыттардың ұқсастықтары мен айырмашылықтары талданады. Ғылыми білімнің реалдыққа қатынасы, онтологиялық және эпистемологиялық алғышарттары ғылыми реализм шеңберінде ашып көрсетіледі. Авторлар классикалық ғылыми реализмнің қалыптасуына ықпал еткен негізгі ойшылдардың көзқарастарын талдай отырып, ХХ ғасырдағы жаңа ғылыми парадигмалар мен постпозитивистік дәстүрдегі көзқарастарды салыстырады. Мақалада қазіргі ғылыми зерттеулерде ғылыми реализмнің рөлі мен шекаралары анықталып, метафизикалық мәселелердің өзектілігі негізделеді. Зерттеу барысында классикалық ғылыми реализмнің негізін қалаған Декарт, Ньютон, және Кант сияқты ойшылдардың көзқарастары талданып, олардың реалдық, себептілік және объективтілік туралы түсініктері ашылады. Сонымен қатар, ХХ–ХХІ ғасырлардағы қазіргі ғылыми реализмнің бағыттары – құрылымдық реализм, прагматикалық реализм және эмпирикалық метафизика тұрғысынан талдау жүргізіледі. Мақаланың мақсаты – ғылыми білім мен реалдық арасындағы байланысқа метафизикалық тұрғыдан баға беру және реализм мен антиреализм арасындағы пікірталастағы негізгі ұстанымдарды айқындау. Зерттеу нәтижесінде ғылыми реализмнің метафизикалық алғышарттары ғылыми танымның тұрақтылығын қамтамасыз ететін онтологиялық негіз ретінде түсіндірілді. Түйін сөздер: ғылыми реализм, метафизика, классикалық философия, қазіргі философия, реалдық