ТӨМЕН КӨМІРТЕКТІ ФЕРРОХРОМ ӨНДІРУ ПРОЦЕСТЕРІН ТЕХНОЛОГИЯЛЫҚ БАҒАЛАУ

2026

Закрытый доступ Метаданные (CSL-JSON)
DOI 10.70239/arsu.2026.t83.n1.32
Достоверность данных 70 средняя
Как считается эта оценка

Складывается из проверяемых признаков самой записи: есть ли у статьи DOI, сколько независимых источников подтвердили её данные, заполнены ли обязательные поля и насколько свежо последнее подтверждение. Снижают оценку расхождения между источниками и отсутствие идентификатора. Значение от 80 означает, что запись опубликована без дополнительной проверки; от 60 до 79 — что она опубликована с пониженной достоверностью и ручная проверка желательна. Запись, выверенную редактором вручную, пересчёт не опускает ниже 90. Это оценка наших данных о статье, а не оценка самой статьи.

Аннотация

Төмен көміртекті және орта көміртекті феррохром өндірісі металлургия саласы үшін стратегиялық маңызы зор бағыт болып табылады. Бұл үрдіс экологиялық талаптардың күшеюі және сапалы легирлеуші материалдарға сұраныстың артуынан болып табылады. Төмен көміртекті феррохром өндірісі автомобиль, аэроғарыш және құрылыста қолданылатын берік және жеңіл қорытпаларды алуға мүмкіндік береді. Мұндай жеңіл материалдарды пайдалану кезінде, әсіресе көлік пен авиацияда энергия шығынын азайтады. Қазіргі уақытта отандық кәсіпорын жылына шамамен 60 000 тонна өнім өндіреді, алайда өндірістік қуатты арттыру және технологиялық шешімдерді жетілдіру әлеуеті сақталуда. Сонымен қатар, құрамында алтывалентті хром бар қождың түзілу мәселесі ерекше өзектілікке ие, себебі ол экологиялық қауіп төндіреді. Осы зерттеу төменкөміртекті феррохромның болашақ өндірістік кешені үшін жылдық өнімін ұлғайтуға бағытталған оңтайлы технологияны іздеуге арналған. Жұмыста энергия тиімді және ресурсты үнемдейтін заманауи балқыту әдістері, алтывалентті хромның түзілуін азайту жолдары, сондай-ақ қожды қайта өңдеу және залалсыздандыру технологиялары қарастырылады. Ұсынылған шешімдерді іске асыру өндіріс өнімділігін арттыруға, экологиялық жүктемені төмендетуге және кәсіпорынның тұрақты дамуын қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.