Астанадағы урбанизациялық процестер: даму тенденциялары мен әлеуметтік-экономикалық әсері

2026

Полный текст Открытый доступ: Gold Метаданные (CSL-JSON)
DOI 10.32523/2789-4320-2026-1-24-35
Достоверность данных 70 средняя
Как считается эта оценка

Складывается из проверяемых признаков самой записи: есть ли у статьи DOI, сколько независимых источников подтвердили её данные, заполнены ли обязательные поля и насколько свежо последнее подтверждение. Снижают оценку расхождения между источниками и отсутствие идентификатора. Значение от 80 означает, что запись опубликована без дополнительной проверки; от 60 до 79 — что она опубликована с пониженной достоверностью и ручная проверка желательна. Запись, выверенную редактором вручную, пересчёт не опускает ниже 90. Это оценка наших данных о статье, а не оценка самой статьи.

Аннотация

Мақаланың мақсаты – соңғы онжылдықтарда қала халқының күрт өсуімен, жаңа шағын аудандардың құрылысымен және инфрақұрылымның дамуымен сипатталатын урбанизацияның қарқынды кезеңін бастан кешіп жатқан Астана қаласындағы урбанизация динамикасы мен салдарын кешенді талдау, негізгі үрдістер мен проблемаларды анықтау, сондай-ақ қала дамуын тиімді басқару бойынша ұсынымдар әзірлеу. Әдістер – сандық әдістер, сондай-ақ ғылыми әдебиеттер мен сараптамалық бағалауды талдауға негізделген сапалық әдістер қолданылды. Нәтижелері – Астана қаласындағы көші-қон процестері, қаланың халық саны, қаладағы урбанизация даму тенденциялары мен әлеуметтік-экономикалық әсеріне талдау жүргізілді. Халықтың өсу қарқыны, қаланың кеңістіктік дамуы және урбанизацияның экологиялық салдарын бағаланды. Қорытындылар – авторлар тұрақты қалалық дамуды қамтамасыз ету үшін стратегиялық жоспарлау, ресурстарды тиімді бөлу және жергілікті қоғамдастықтың белсенді қатысуы шешуші рөл атқаратынын атап өтеді. Әлеуметтік-экономикалық теңгерімді сақтау, инновациялық шешімдерді енгізу, урбанизацияның жағымды әсерін күшейтіп, ықтимал тәуекелдерін азайтуға мүмкіндік береді. Урбанизация – бұл әртүрлі мәселелерді шешуді талап ететін әлемдік тренд ел экономикасының даму дәрежесін, дәстүрлері мен мәдениеті, оның тұрғындарының қабылдауы және басқа да ерекшеліктер. Қазіргі уақытта қалаларды дамытудың өзектілігі артып келеді. Ірі қалалар экономиканы және әлем елдерінің басқа салаларын дамытудың негізі болып табылады. Қалалардың жылдам өсуі қалалық ортаның өзгеруіне әкеліп соғады, бұл жаңа мүмкіндіктер мен күрделі қиындықтарды тудырады.