САЛЫСТЫРМАЛЫ ӘДЕБИЕТТАНУ КОНТЕКСІНДЕГІ ФЕМИНИСТІК ДИСКУРС: ҚАЗАҚ ЖӘНЕ ӘЛЕМ ПРОЗАСЫ

2026

Закрытый доступ Метаданные (CSL-JSON)
DOI 10.48081/bgqf1762
Достоверность данных 70 средняя
Как считается эта оценка

Складывается из проверяемых признаков самой записи: есть ли у статьи DOI, сколько независимых источников подтвердили её данные, заполнены ли обязательные поля и насколько свежо последнее подтверждение. Снижают оценку расхождения между источниками и отсутствие идентификатора. Значение от 80 означает, что запись опубликована без дополнительной проверки; от 60 до 79 — что она опубликована с пониженной достоверностью и ручная проверка желательна. Запись, выверенную редактором вручную, пересчёт не опускает ниже 90. Это оценка наших данных о статье, а не оценка самой статьи.

Аннотация

Мақалада әлем және қазақ әдебиетіндегі феминистік бағыт, теңдік мәселесі салыстырмалы әдебиеттану аспектісінде қарастырылған. Зерттеу нысанында әлем әдебиеті мен қазақ әдебиетіндегі нәзік жандылардың қоғамдағы рөлі, құқықтары, тұрмысы және ішкі дүниесі айқын көрсетіледі. Мақала мақсаты – феминистік бағыттағы шығармалардың контекстін талдап, әдеби кезеңдерін жүйелеу. Қазіргі қазақ әдебиеттануының маңызды әрі өзекті арнасын феминистік бағыт құрайды. ХХІ ғасырдағы қазақ әдебиетінің дамуы аталған бағыттың өзектілігімен байланысты. Әдебиеттанудағы феминистік теория – әйел авторлардың туындыларын, ондағы гендерлік теңдік, еркіндік тақырыптарының берілуін, қоғамдағы рөлін берудегі авторлық интерпретациясын, көркемдік репрезентациясын айқындайтын әдеби бағыт. Зерттеу барысында қазақ әдебиетінде феминистік бағытта жазылған туындылар әлем әдебиеті үлгілерімен салыстыру кешенді талдау әдістемесінде жүзеге асты. Зерттеу нәтижелері бойынша қазақ әдебиетінде феминистік бағыттың қалыптасуы кешеуілдегенімен, әлем әдебиетінен үлгі алғаны анықталды. М. Шелли, Ш. Бейсенова шығармашылығы өзара салыстырылып, қазақ әдебиетіндегі образдар жүйесі, тақырыптық-мазмұндық өзегі ажыратылды. Зерттеудің құндылығы – бүгінгі қазақ әдебиетіндегі феминистік бағыттың дамуын айқындауда зор маңызға ие. Жаһандық контексте әйел авторлардың туындыларын қарастыру ұлттық сипатта танылып, гендерлік теңдік мәселесінің көркем мәтіндегі репрезентациясын айқындауға мүмкіндік береді.