ОРТАЛЫҚ АЗИЯ ЕЛДЕРІ МЕН ҚХР ҚАРЫМ-ҚАТЫНАСЫ: ДАМУ БЕТАЛЫСЫ МЕН КЕЛЕШЕГІ

2026

Закрытый доступ Метаданные (CSL-JSON)
DOI 10.48371/ismo.2026.63.1.021
Достоверность данных 70 средняя
Как считается эта оценка

Складывается из проверяемых признаков самой записи: есть ли у статьи DOI, сколько независимых источников подтвердили её данные, заполнены ли обязательные поля и насколько свежо последнее подтверждение. Снижают оценку расхождения между источниками и отсутствие идентификатора. Значение от 80 означает, что запись опубликована без дополнительной проверки; от 60 до 79 — что она опубликована с пониженной достоверностью и ручная проверка желательна. Запись, выверенную редактором вручную, пересчёт не опускает ниже 90. Это оценка наших данных о статье, а не оценка самой статьи.

Аннотация

Бұл мақалада Орталық Азия мен Қытай Халық Республикасы арасындағы қарым-қатынастардың қалыптасу ерекшеліктері, даму динамикасы және қазіргі кезеңдегі негізгі бағыттары жан-жақты қарастырылады. Зерттеу аясында тараптар арасындағы тарихи байланыстардың эволюциясы, дипломатиялық қатынастардың институционалдануы, стратегиялық әріптестіктің орнығуы, сондай-ақ саяси, экономикалық, көлік-логистикалық, энергетикалық және қауіпсіздік салаларындағы ынтымақтастықтың мазмұны талданады. Автор Орталық Азияның Қытай сыртқы саясатындағы орнының күшеюін аймақтың геосаяси орналасуымен, табиғи-ресурстық әлеуетімен және транзиттік маңызымен байланыстыра отырып түсіндіреді. Сонымен қатар мақалада «Жібек жолы экономикалық белдеуі» және «Бір белдеу, бір жол» бастамасының Орталық Азия мен Қытай арасындағы өзара ықпалдастықты тереңдетудегі рөліне ерекше назар аударылады. Зерттеу барысында Қытайдың аймақтағы экономикалық және инвестициялық белсенділігінің артуы, инфрақұрылымдық жобалардың кеңеюі, сауда айналымының ұлғаюы және көпжақты форматтардың, соның ішінде Шанхай ынтымақтастық ұйымы мен «Орталық Азия – Қытай» тетігінің маңызы сарапталады. Сонымен бірге автор Орталық Азия мемлекеттерінің Қытаймен қатынастарында ұстанып отырған теңгерімді және көпвекторлы саясаттың мәнін айқындап, Қытай ықпалының күшеюімен қатар туындайтын қауіптер мен шектеулерді де назардан тыс қалдырмайды. Атап айтқанда, аймақ елдеріндегі қоғамдық пікір, синофобиялық үрдістер, сыртқы державалар бәсекесі, экономикалық тәуелділік қаупі және аймақішілік ерекшеліктер сияқты факторлардың екіжақты қатынастарға ықпалы бағаланады. Нәтижесінде Орталық Азия мен Қытай арасындағы байланыстардың өзара тиімді, алайда күрделі әрі көпқабатты сипатқа ие екені және олардың болашақтағы дамуы ішкі тұрақтылыққа, аймақтық тепе-теңдікке және халықаралық ахуалға тікелей тәуелді екені тұжырымдалады.