ТҮРКІ ТАҒАМ МӘДЕНИЕТІНІҢ АҒЫЛШЫН ТІЛІНДЕГІ ГАСТРОНОМИЯЛЫҚ ЛЕКСИКА АРҚЫЛЫ ЫҚПАЛЫ: ТҮРКІ ТЕКТЕС АСПАЗДЫҚ ТЕРМИНДЕР МЕН ДӘМДЕУІШ АТАУЛАРЫ

2026

Полный текст Открытый доступ: Gold Метаданные (CSL-JSON)
DOI 10.59102/kufil/2026/iss1pp197-212
Достоверность данных 85 высокая
Как считается эта оценка

Складывается из проверяемых признаков самой записи: есть ли у статьи DOI, сколько независимых источников подтвердили её данные, заполнены ли обязательные поля и насколько свежо последнее подтверждение. Снижают оценку расхождения между источниками и отсутствие идентификатора. Значение от 80 означает, что запись опубликована без дополнительной проверки; от 60 до 79 — что она опубликована с пониженной достоверностью и ручная проверка желательна. Запись, выверенную редактором вручную, пересчёт не опускает ниже 90. Это оценка наших данных о статье, а не оценка самой статьи.

Аннотация

Мақала түркі халықтарының ас дайындау мәдениетінің ағылшын тіліндегі аспаздық лексика арқылы әсерінің тарихи-лингвистикалық тұрғыдан талдануына арналады. Мақалада түркі тектес аспаздық терминдердің үнді-еуропа тілдеріндегі таралу жолдары, семантикалық және фонетикалық бейімделуі, сондай-ақ мәдени ықпалы қарастырылады. Зерттеуде түркі тектес тағам атауларының үнді-еуропа тілдеріндегі әлеуметтік-мәдени себептері және тарихи қолданыста қаншалықты жиі кездескені графикте талданады. Бұл зерттеу түркі тілдерінен енген аспаздық терминдердің, әсіресе дәмдеуіш атауларының ағылшын гастрономиялық контекстеріндегі орнын және оның мәдени маңызын анықтауға бағытталады. Зерттеу нәтижесі көрсеткендей «кебаб», «йогурт», «палау» және «шашлык» сияқты түркі аспаздық терминдерінің ағылшын тілінің лексикалық құрамына еніп, мәдени ықпалдастықтың маңызды көрінісіне айналғанын байқауға болады. Мақала түркі-ағылшын тілдік байланыстарының аспаздық лексика деңгейіндегі эволюциясын талдап, лингвомәдениеттану мен тарихи лексикология саласындағы маңызды мәселелерді ашады. Кейінгі жылдары түркі өркениетінің еуропалық мәдениетке, әсіресе тілдік деңгейде әсерін зерттеу лингвомәдениеттану, этнолингвистика және тарихи лексикология бағыттарында өзекті тақырыпқа айналып келеді. Бұл зерттеу мақаласы түркі халықтарының тағам мәдениетінің ағылшын тілінедегі әсерін, атап айтқанда тағамтану лексикасы арқылы жүзеге асқан мәдени байланыстарды талдауға арналады.