Күнделікті өмір тарихын зерттеудің батысеуропалық және қазақстандық дәстүрі: салыстырмалы талдау

Eurasian Journal of History, 2026

Полный текст Открытый доступ: Gold Метаданные (CSL-JSON)
DOI 10.31489/3134-9102/2026-1-1/204-214
Достоверность данных 70 средняя
Как считается эта оценка

Складывается из проверяемых признаков самой записи: есть ли у статьи DOI, сколько независимых источников подтвердили её данные, заполнены ли обязательные поля и насколько свежо последнее подтверждение. Снижают оценку расхождения между источниками и отсутствие идентификатора. Значение от 80 означает, что запись опубликована без дополнительной проверки; от 60 до 79 — что она опубликована с пониженной достоверностью и ручная проверка желательна. Запись, выверенную редактором вручную, пересчёт не опускает ниже 90. Это оценка наших данных о статье, а не оценка самой статьи.

Аннотация

Мақала қазіргі тарихи ғылым аясында күнделікті өмір тарихын зерттеудің батысеуропалық және қазақстандық дәстүрлеріне салыстырмалы талдау жасауға арналған. Күнделікті өмір тарихы тарихи білімнің маңызды бағыты ретінде қарастырылып, адамның күнделікті тәжірибесін, тұрақты түрде қайталанып отыратын әлеуметтік әрекеттерін, сондай-ақ әлеуметтік өзара ықпалдастық формаларын зерттеуге бағытталады. Ұзақ уақыт бойы бұл мәселелер тарихи зерттеулерде екінші кезектегі орын алып келді. Мақалада батысеуропалық және қазақстандық зерттеу дәстүрлерінің қалыптасу ерекшеліктері олардың зияткерлік, әлеуметтік-саяси және тарихнамалық даму жағдайларымен тығыз байланыста талданған. ХХ ғ. екінші жартысында әлеуметтік және антропологиялық тарих аясында қалыптасқан батысеуропалық дәстүр терең теориялық пайымымен, пәнаралық ұстанымымен және әдіснамалық көптүрлілігімен ерекшеленеді. Батысеуропалық зерттеулерде менталитеттер, рәміздік құрылымдар және орнықты күнделікті тәжірибелер ұзақ мерзімді тарихи үдерістер шеңберінде қарастырылады. Қазақстандық күнделікті өмір тарихын зерттеу дәстүрі негізінен посткеңестік кезеңде қалыптасып, қазіргі уақытта даму үстінде. Оның дамуына кеңестік тарихнаманың ықпалы, сондай-ақ батысеуропалық тарихи ғылымда орныққан теориялық және әдіснамалық үлгілерді игеру үдерісі елеулі әсер етті. Мақалада қазақстандық зерттеулердің негізінен эмпирикалық материалға бағытталатыны, әлеуметтік өзгерістерге айрықша көңіл бөлетіні және тарихтың дағдарысты әрі өтпелі кезеңдерін зерттеуге шоғырланатыны атап көрсетіледі. Салыстырмалы талдау авторларға күнделікті өмірді зерттеудің батысеуропалық және қазақстандық дәстүрлері арасындағы әдіснамалық айырмашылықтарды ғана емес, тарихи білімнің интернационалдануы жағдайында олардың дамуының ортақ үрдістерін де айқындауға мүмкіндік берді.