АБАЙ ТІЛІНДЕГІ «КҮЛКІ» КОНЦЕПТІСІНІҢ АКСИОЛОГИЯЛЫҚ СИПАТЫ

2026

Полный текст Открытый доступ: Gold Метаданные (CSL-JSON)
DOI 10.59102/kufil/2026/iss1pp38-51
Достоверность данных 70 средняя
Как считается эта оценка

Складывается из проверяемых признаков самой записи: есть ли у статьи DOI, сколько независимых источников подтвердили её данные, заполнены ли обязательные поля и насколько свежо последнее подтверждение. Снижают оценку расхождения между источниками и отсутствие идентификатора. Значение от 80 означает, что запись опубликована без дополнительной проверки; от 60 до 79 — что она опубликована с пониженной достоверностью и ручная проверка желательна. Запись, выверенную редактором вручную, пересчёт не опускает ниже 90. Это оценка наших данных о статье, а не оценка самой статьи.

Аннотация

Мақалада Абай тіліндегі «күлкі» концептісінің репрезентациясы, мағыналық-құндылықтық қырлары және оның қазақ қоғамындағы күлкіге берген сыни бағасы аксиолингвистикалық тұрғыдан талданады. Зерттеудің негізгі нысаны – Абай тіліндегі «күлкі» концептісінің семантикалық құрылымы мен оның мәдени-аксиологиялық жүктемесі. Зерттеу барысында қазақ тіліндегі «күлкі» концептісінің физиологиялық және әлеуметтік-мәдени сипаты айқындалып, Абай дүниетанымындағы күлкінің орны мен мәні бағалау категориялары арқылы сараланады. Ақын шығармаларындағы күлкі феноменін талдау кезінде аксиологиялық бағыттың негізгі қағидаттары басшылыққа алынды. «Күлкі» концептісімен байланысты лексемалардың мағыналық құрылымын анықтауда семантикалық талдау және концептуалдық талдау әдістері қолданылды. Зерттеу нәтижелері Абай тілінде «күлкі» концептісінің екіұдай (антиномиялық) құбылыс ретінде көрінетінін дәлелдейді. Біріншіден, күлкі антиқұндылық ретінде танылады. Бұл қатарға Абай сыни бағалаған арзан күлкі мен бояма күлкі жатады. Арзан күлкі – сауық-сайранға, жеңіл шаттыққа берілудің, уақытты мәнсіз өткізудің көрінісі болса, бояма күлкі – ортаға жағымпаздану, басқалардың назарын аудару, сүйкімді көріну мақсатында жасалатын жасанды әрекет. Аксиологиялық тұрғыдан мұндай күлкі екіжүзділікпен, пайдакүнемдікпен, манипулятивтік ниетпен ұштасып, теріс бағаланады. Екіншіден, күлкі құндылық ретінде шын күлкі ұғымымен байланыстырылады. Шын күлкі адамның рухани болмысынан туындайтын, ішкі жан тебіренісінің табиғи көрінісі ретінде сипатталады және позитивті аксиологиялық мәнге ие. Зерттеу нәтижелерін аксиолингвистика мен лингвомәдениеттану салаларындағы ғылыми ізденістерде пайдалануға болады. Сонымен қатар мақала Абайтанудың тіл білімімен тоғысатын бағыттарын тереңдетуге үлес қосып, қазақ тіліндегі бағалауыш концептілерді зерттеуге теориялық негіз ұсынады.