МЕЙРАМ-ТОЙ АТАУЛАРЫНЫҢ ТАҚЫРЫПТЫҚ-МАҒЫНАЛЫҚ ТОПТАРЫ

2026

Полный текст Открытый доступ: Gold Метаданные (CSL-JSON)
DOI 10.59102/kufil/2026/iss1pp9-21
Достоверность данных 70 средняя
Как считается эта оценка

Складывается из проверяемых признаков самой записи: есть ли у статьи DOI, сколько независимых источников подтвердили её данные, заполнены ли обязательные поля и насколько свежо последнее подтверждение. Снижают оценку расхождения между источниками и отсутствие идентификатора. Значение от 80 означает, что запись опубликована без дополнительной проверки; от 60 до 79 — что она опубликована с пониженной достоверностью и ручная проверка желательна. Запись, выверенную редактором вручную, пересчёт не опускает ниже 90. Это оценка наших данных о статье, а не оценка самой статьи.

Аннотация

Мақалада қазақ тіліндегі мейрам-той атауларының тақырыптық-мағыналық топтары қарастырылады. Мейрам-той атаулары ұлттық лексиканың құрамдас бөлігі ретінде халықтың дүниетанымын, салт-дәстүрін, әлеуметтік-қоғамдық құрылымын және мәдени өмірін тұтастай бейнелейтін этномәденилингвистикалық бірліктер. Мақаланың мақсаты – мейрам-той атауларын тақырыптық-мағыналық ерекшеліктеріне қарай топтастырып сипаттау және оларды қазақ халқының танымымен, ұлттық салт-дәстүрімен, әлеуметтік-мәдени ортасымен, қоғамдағы орнымен сабақтастықта қарастыру. Осы мақсатқа сәйкес мейрам-той атаулары Ә. Қайдардың топтастыруы, этнографиялық жіктеу және Қазақстан Республикасының мерекелер туралы заңы негізінде жүйеленіп, тақырыптық-мағыналық топтарға бөлінді. Аталған топтарға ұлттық салт-дәстүрге қатысты атаулар, мемлекеттік мерекелер және қазіргі заманауи мерекелік атаулар енгізілді. Зерттеу барысында дәстүрлі түрде өткізілетін тойлар мен қазіргі мерекелік іс-шаралардың мәдени-әлеуметтік ерекшеліктері және олардың қоғамдағы ынтымақтыстық пен береке-бірлікті қалыптастырудағы рөлі талданды. Мейрам-той атаулары ұрпақтан-ұрпаққа мәдениет пен дәстүрді жеткізетін кумулятивтік қызмет атқара отырып, этномәдени кодтарды сақтаудың құралы екені айқындалып, дәстүрлі құндылықтар мен заманауи әлеуметтік құбылыстар арасындағы сабақтастықты көрсететіні анықталды. Зерттеу нәтижесінде мейрам-той атаулары этностың болмысы мен дүниетанымын бейнелейтін дербес этномәдени тақырыптық-мағыналық топ екені дәйектелді.