ТҮРКІ ХАЛЫҚТАРЫНЫҢ МАҚАЛ-МӘТЕЛДЕРІНДЕГІ АНТИТЕЗАНЫҢ ЛИНГВОКОГНИТИВТІК ЖӘНЕ ЛИНГВОПРАГМАТИКАЛЫҚ АСПЕКТІЛЕРІ

2026

Полный текст Открытый доступ: Gold Метаданные (CSL-JSON)
DOI 10.48371/phils.2026.1.80.004
Достоверность данных 70 средняя
Как считается эта оценка

Складывается из проверяемых признаков самой записи: есть ли у статьи DOI, сколько независимых источников подтвердили её данные, заполнены ли обязательные поля и насколько свежо последнее подтверждение. Снижают оценку расхождения между источниками и отсутствие идентификатора. Значение от 80 означает, что запись опубликована без дополнительной проверки; от 60 до 79 — что она опубликована с пониженной достоверностью и ручная проверка желательна. Запись, выверенную редактором вручную, пересчёт не опускает ниже 90. Это оценка наших данных о статье, а не оценка самой статьи.

Аннотация

Түркі халықтарының мақал-мəтелдері көне дəуірден бүгінге дейін ұлт болмысының, дүниетанымының ықшам əрі көркем көрінісін сақтап келеді. Ондағы антитеза тəсілі қарама-қарсы ұғымдарды үйлестіріп, терең философиялық идея мен моральдық ұстанымды ықшам əрі əсерлі түрде жеткізеді. Мақал-мəтелдер антитезаға құрылған. Зерттеудің мақсаты – түркі тілдеріндегі мақал-мəтелдердегі антитезаның когнитивтік жəне прагматикалық негіздерін кешенді түрде ашу.Зерттеу материалдары ретінде қазақ, қырғыз, өзбек, түрік жəне əзербайжан тілдеріндегі 200-ден астам мақал-мəтелдер алынған. Әдебиетке талдау жүргізу барысында когнитивтік фреймдер теориясы (Лакофф) пен мəдени сценарий тұжырымдамасы, сондай-ақ сөйлеу актілері теориясы (Грайс) қолданылды. Мақал-мəтелдерді салыстырмалы-типологиялық, семантикалық, синтаксистік жəне прагматикалық талдау əдістері арқылы қарастыру негізінде антитезаның лексикалық, синтаксистік, семантикалық жəне прагматикалық сияқты құрылымдық түрлері жүйеленді.Зерттеу нəтижелері мəтелдердің 60%-нан астамында антитеза құрылымының бар екенін, оның дəстүрлі жұптағы қарама-қарсы ұғымдарды ғана емес, эмоциялық əсерді күшейтетін, этикалық нормаларды нығайтатын коммуникативтік функциясын көрсетеді. Антитезалық өрнектер тыңдаушының ойлау үрдісін бинарлы модальді күйге бағыттай отырып, тəрбиелік жəне реттеуші құрал ретінде əрекет етеді. Ғылыми жаңалығы – антитезаның тілдік-танымдық жəне прагматикалық механизмдерін алғаш рет кешенді түрде талдау арқылы түркі паремиологиясына жаңа бағыт ашу. Практикалық маңызы – алынған мəліметтерді тіл оқыту бағдарламаларына, фольклорлық зерттеулерге, мəдениетаралық коммуникация курстарына жəне цифрлық паремиологиялық деректер қорын құруға пайдалануға мүмкіндік береді. Мақалада болашақта антитезаның диахроникалық өзгерісі мен əлеуметтанулық контекстегі рөлін зерттеу үшін əрі қарайғы деректер базасын кеңейту ұсынылады.