ХХ ғасырдың бас кезіндегі әнші-ақындар мен жыршы-жыраулар шығармашылығындағы тәуелсіздік идеясы

2026

Полный текст Открытый доступ: Gold Метаданные (CSL-JSON)
DOI 10.32523/2616-678x-2026-154-1-165-182
Достоверность данных 70 средняя
Как считается эта оценка

Складывается из проверяемых признаков самой записи: есть ли у статьи DOI, сколько независимых источников подтвердили её данные, заполнены ли обязательные поля и насколько свежо последнее подтверждение. Снижают оценку расхождения между источниками и отсутствие идентификатора. Значение от 80 означает, что запись опубликована без дополнительной проверки; от 60 до 79 — что она опубликована с пониженной достоверностью и ручная проверка желательна. Запись, выверенную редактором вручную, пересчёт не опускает ниже 90. Это оценка наших данных о статье, а не оценка самой статьи.

Аннотация

Мақалада ХХ ғасырдың басы мен алғашқы жартысындағы қазақ әнші-ақындары мен жырау-жыршылары поэзиясында көрініс тапқан тәуелсіздік идеясы кешенді түрде қарастырылады. Зерттеудің негізгі мақсаты – ХХ ғасырдағы қазақ әнші-ақындары, жырау-жыршылар шығармаларында көрініс тапқан тәуелсіздік идеясының мазмұндық ауқымын жан-жақты ашып, оның көркем-тілдік репрезентациясының жаңаша таныстыру мүмкіндіктерін айқындау. Бұл мақсат әнші-ақындар поэзиясында ұлт азаттығы мұраты мен тәуелсіздік идеясын бейнелеудің тарихи, эстетикалық және лингвостилистикалық қырларын тұтас жүйеде қарастыруды қажет етеді. Зерттеу барысында тарихи-хронологиялық, сипаттамалы, салыстырмалы, контент-талдау және лингвостилистикалық әдістер қолданылды. Қазақтың дәстүрлі жыраулық және әнші-ақындық поэзиясындағы азаттық идеясының тарихи бастаулары мен оның ХХ ғасыр басындағы саяси-әлеуметтік жағдайлармен сабақтастығы жүйелі түрде сараланды. Бұл кезеңдегі отаршылдық қысым мен қоғамдық өзгерістердің ақындар дүниетанымына ықпалы анықталып, олардың шығармаларындағы азаттық рухының көркемдік репрезентациясы талданды. Жамбыл Жабаев, Нұрпейіс Байғанин, Кенен Әзірбайұлы, Иса Байзақов, Нартай Бекежанов сынды көрнекті тұлғалардың шығармалары мазмұндық тұрғыдан жүйеленді. Сонымен қатар поэзиядағы метафора, эпитет, символ, тарихи образдар сияқты көркемдік құралдардың тәуелсіздік идеясын жеткізудегі қызметі нақты тілдік деректер негізінде айқындалды. Зерттеу нәтижесінде бұл кезең поэзиясы халықтың азаттыққа ұмтылысын бейнелейтін маңызды рухани құбылыс екені дәлелденіп, оның ұлттық сана мен тарихи жадты қалыптастырудағы рөлі айқындалды.