ҚАЗАҚ ТІЛІНДЕГІ ЖАҢБЫР АТАУЛАРЫНЫҢ МӘДЕНИ-ТІЛДІК РЕПРЕЗЕНТАЦИЯСЫ

2026

Полный текст Открытый доступ: Gold Метаданные (CSL-JSON)
DOI 10.48371/phils.2026.1.80.005
Достоверность данных 70 средняя
Как считается эта оценка

Складывается из проверяемых признаков самой записи: есть ли у статьи DOI, сколько независимых источников подтвердили её данные, заполнены ли обязательные поля и насколько свежо последнее подтверждение. Снижают оценку расхождения между источниками и отсутствие идентификатора. Значение от 80 означает, что запись опубликована без дополнительной проверки; от 60 до 79 — что она опубликована с пониженной достоверностью и ручная проверка желательна. Запись, выверенную редактором вручную, пересчёт не опускает ниже 90. Это оценка наших данных о статье, а не оценка самой статьи.

Аннотация

Қазақ тіліндегі жаңбыр атаулары – жауын-шашын микротобының құрамына енетін тілдік бірліктер. Жауын-шашын лексика-семантикалық тобына жаңбыр, қар, бұршақ, қырау, шық секілді т.б. бұлттан жауатын не ауадан бөлініп шығатын қатты, сұйық суды білдіретін лексикалық бірліктер енеді.Мақала қазақ халқының сөздік қорында сақталған жаңбыр атауларының халық дүниетанымындағы көріністерін айқындауға арналған. Қазақ халқы көшпелі мәдени дәстүріне сай ерте кезден-ақ жаңбырдың түр-түрін даралап таныған, оған жекелеген атау беріп (ақ жаңбыр, боз жаңбыр, қара жаңбыр, нөсер, өткінші жаңбыр, сылбыр жаңбыр т.б.), тіл қазынасын байыта білген. Бұл аталғандар тек метеорологиялық құбылысты білдіретін бірліктер ғана емес, халықтың таным-түсінігі, тіршілік тынысынан хабар беретін, наным-сенім жүйесімен тығыз байланысты атаулар. Зерттеуде осы жаңбыр атауларының этнолингвистикалық қырлары талданып, олардың әлемнің ұлттық тілдік бейнесіндегі сипаты, тура және ауыспалы, символдық мәнде қолданылу ерекшелігі қарастырылды. Әртүрлі ландшафтта өмір сүрген қазақ халқының табиғатпен байланысы, қоршаған әлем құбылыстарын танудағы өзіндік ерекшелігі, тұжырым-көзқарастары мен сезімі жаңбыр атауларына этносемантикалық талдау жасау арқылы сараланды. Бұл тілдік бірліктердің туындау уәждерін түсінуге, халықтың дүниетанымы мен өмір салтынан мағлұмат алуға, жаңбыр атауларының семантикасында сақталған мәдени кодты тануға мүмкіндік берді. Адамөзекті парадигмадағы «тіл әлеміндегі адам», «адам әлеміндегі тіл» ұстанымына сәйкес, жаңбыр атаулары мәтіндегі қолданысымен қатар психолингвистикалық тұрғыдан да талданды. 17 мен 25 жас аралығындағы респонденттерге сауалнама жүргізіліп, нәтижесінде қазақ жастарының санасындағы жаңбыр ұғымының репрезентациясы анықталды.Зерттеудің құндылығы жаңбыр атауларын тек лингвистикалық құбылыс ретінде түсіндірумен шектелмей, ұлттық дүниетанымды айқындайтын мәдени кодтарды ашуға, тілдің тарихи жадын жаңғыртуға сеп болуында. Жұмыс қорытындысының ғылыми және практикалық маңызы сирек қолданылатын, көнеруге айналған жаңбыр атауларын жинақтап, жүйелеп, олардың мән-мағынасын түсіндіріп, жаңбыр лексемасының жастар танымындағы көрінісін анықтауда көрінеді. Сондай-ақ зерттеу барысында жинақталған материалдар түсіндірме, энциклопедиялық, этнолингвистикалық және ассоциациялық сөздіктерге толықтыру ретінде қолданыла алады.