Пәнаралық зерттеулердегі менталды лексикон ұғымы және оны модельдеу тәжірибелері

2026

Полный текст Открытый доступ: Gold Метаданные (CSL-JSON)
DOI 10.32523/2616-678x-2026-154-1-122-140
Достоверность данных 70 средняя
Как считается эта оценка

Складывается из проверяемых признаков самой записи: есть ли у статьи DOI, сколько независимых источников подтвердили её данные, заполнены ли обязательные поля и насколько свежо последнее подтверждение. Снижают оценку расхождения между источниками и отсутствие идентификатора. Значение от 80 означает, что запись опубликована без дополнительной проверки; от 60 до 79 — что она опубликована с пониженной достоверностью и ручная проверка желательна. Запись, выверенную редактором вручную, пересчёт не опускает ниже 90. Это оценка наших данных о статье, а не оценка самой статьи.

Аннотация

Мақалада менталды лексикон ұғымы психолингвистика, когнитивтік лингвистика және нейроғылымдар тоғысындағы пәнаралық зерттеу нысанасы ретінде қарастырылып, оны модельдеудің негізгі бағыттары жүйеленеді. Зерттеудің мақсаты – менталды лексиконды «сөздер қоймасы» ретінде түсіндірумен қатар, сөйлеуді қабылдау мен тудыруды қамтамасыз ететін динамикалық жүйе ретінде сипаттайтын теориялық және эмпирикалық дәлелдерді жинақтау, сондай-ақ лексикалық репрезентацияның компоненттік архитектурасын (форма – мағына қабаттары; лемма / лексема деңгейлері), онтогенездегі даму динамикасын және қостілділік жағдайындағы өңдеу ерекшеліктерін біртұтастықта түсіндіру шеңберін көрсету. Зерттеу барысында шолу-сараптамалық әдіске сүйене отырып, әлемдік ғылыми әдебиеттерге контенттік және салыстырмалы талдаулар жүргізілді, ассоциативтік эксперимент, прайминг, tip-of-the-tongue, eye-tracking секілді эксперименттік парадигмалардан алынған нәтижелер жинақталып интерпретацияланды. Талдау қорытындылары менталды лексиконда кемінде семантикалық, фонологиялық және орфографиялық деңгейлердің өзара байланысқан желілер түрінде ұйымдасатынын, ал лексикалық қолжетімділіктің жылдамдығы мен тұрақтылығы репрезентация сапасына, байланыстардың беріктігіне және желілік интеграция деңгейіне тәуелді екенін көрсетті. Онтогенездегі өзгерістер сөздік қордың сандық өсуімен қатар, желінің құрылымдық қайта шоғырлануы (ядро-периферияның айқындалуы, байланыс түрлерінің саралануы) арқылы жүзеге асатыны айқындалды. Қостілділік жағдайында екі тілдің параллель белсенуі және тілдік бақылау тетіктері лексикалық бәсекені күшейтіп, белгілі бір бірліктердің уақытша қолжетімсіздігіне әкелуі мүмкін. Нәтижесінде желілік тәсілдер (семантикалық, фонологиялық, орфографиялық, ассоциативті және көпқабатты желілер) менталды лексиконды түсіндіруде интегративті әдіснама ретінде бағаланып, болашақ зерттеушілер үшін эмпирикалық база (ассоциа нормалар, лонгитюд деректер, қостілді эксперименттер) қалыптастырудың өзектілігі негізделеді.