Адам – Жасанды интеллект диалогы: сыпайылық формалары мен прагматикасы

2026

Полный текст Открытый доступ: Gold Метаданные (CSL-JSON)
DOI 10.32523/2616-678x-2026-154-1-78-92
Достоверность данных 70 средняя
Как считается эта оценка

Складывается из проверяемых признаков самой записи: есть ли у статьи DOI, сколько независимых источников подтвердили её данные, заполнены ли обязательные поля и насколько свежо последнее подтверждение. Снижают оценку расхождения между источниками и отсутствие идентификатора. Значение от 80 означает, что запись опубликована без дополнительной проверки; от 60 до 79 — что она опубликована с пониженной достоверностью и ручная проверка желательна. Запись, выверенную редактором вручную, пересчёт не опускает ниже 90. Это оценка наших данных о статье, а не оценка самой статьи.

Аннотация

Мақалада жасанды интеллект (ЖИ) пен адам арасындағы диалогтың тілдік, философиялық және психологиялық мәселелері жан-жақты қарастырылып, осы бағытта жүргізілген ғылыми зерттеу жұмыстары талданады. Пайдаланушылардың ЖИ-мен өзара әрекеттесуінде сыпайылық пен прагматикалық аспектілердің рөлі жан-жақты қарастырылып, олардың коммуникациялық тиімділікке әсері зерттеледі. Сондай-ақ, ЖИ жүйелерінің әртүрлі коммуникациялық стратегияларын талдау мақсатында сауалнама және тәжірибелер жүргізілді. ЖИ-мен диалог барысында қолданылатын сыпайылық, ақпаратты беру сапасы, кешірім сұрау, алғыс білдіру және қоштасу сияқты коммуникативтік элементтердің рөлі және олардың адамаралық қатынастармен салыстырмалы ерекшеліктері жан-жақты талданады. Зерттеу барысында деректерді сараптау, мәтіндік материалдарды өңдеу және ғылыми тұжырымдарды жүйелеу үшін ChatGPT жасанды интеллект жүйесі қолданылады. Зерттеу нәтижелері ЖИ-мен тиімді өзара әрекеттесудің әлеуметтік және прагматикалық аспектілерін ашып көрсетеді, сондай-ақ бұл тәжірибе адамаралық коммуникацияны тереңірек түсінуге ғылыми мән беретінін дәлелдейді. Адам мен жасанды интеллект арасындағы өзара әрекеттестік күннен күнге күшейіп, тілдік коммуникацияның негізгі формаларының біріне айналып бара жатқандықтан, бұл тақырыпты зерттеу қазіргі заман үшін аса өзекті болып табылады және келешекте тілдік модельдердің практикалық қолданылуын жетілдіру мен коммуникациялық стратегияларды дамытуға бағытталған ғылыми зерттеулерге маңызды негіз қалыптастырады.