КӨРКЕМ МӘТІНДІ ТАНЫМДЫҚ КОМИКСКЕ БЕЙІМДЕУДІҢ ИННОВАЦИЯЛЫҚ ТӘСІЛДЕРІ («КЕРҚҰЛА АТТЫ КЕНДЕБАЙ» ЕРТЕГІСІ НЕГІЗІНДЕ)

2026

Полный текст Открытый доступ: Gold Метаданные (CSL-JSON)
DOI 10.59102/kufil/2026/iss1pp96-110
Достоверность данных 70 средняя
Как считается эта оценка

Складывается из проверяемых признаков самой записи: есть ли у статьи DOI, сколько независимых источников подтвердили её данные, заполнены ли обязательные поля и насколько свежо последнее подтверждение. Снижают оценку расхождения между источниками и отсутствие идентификатора. Значение от 80 означает, что запись опубликована без дополнительной проверки; от 60 до 79 — что она опубликована с пониженной достоверностью и ручная проверка желательна. Запись, выверенную редактором вручную, пересчёт не опускает ниже 90. Это оценка наших данных о статье, а не оценка самой статьи.

Аннотация

Мақалада қазақ тілі мен әдебиетін оқыту үдерісінде фольклорлық мұраны заманауи визуалды коммуникация тіліне көшірудің ғылыми-әдістемелік және лингво-филологиялық тетіктері зерделенеді. Мақалада Ювал Ноа Хараридің «Sapiens: A Graphic History» графикалық романындағы когнитивті адаптация принциптерін негізге ала отырып, қазақ халық ертегісінің визуалды-семантикалық деңгейде бейімделу мүмкіндіктеріне талдау жасалады. Жұмыс барысында лингвостилистикалық сараптама, контенттік талдау және визуалды нарратив әдістері кешенді түрде пайдаланылып, «ауызша баяндау» жүйесін «графикалық мәтін» жүйесіне қайта кодтаудың заңдылықтары айқындалды. Зерттеу нысаны ретінде қазақ халық ертегілерінің көрнекті үлгісі – «Керқұла атты Кендебай» ертегісі алынып, оның комикс форматында бейімделу жолдары талданады. Жұмыста көркем мәтінді қысқарту, құрылымдау, диалогқа түсіру және визуализациялау үдерістері лингвостилистикалық, контенттік және визуалды нарративтік талдау әдістері негізінде сараланады. Зерттеу нәтижелері комикс форматындағы бейімделген мәтіндердің 5-сынып оқушыларының жас және танымдық ерекшеліктеріне сәйкес келетінін, олардың сыни ойлауын, қиялын және оқу сауаттылығын дамытуға ықпал ететінін көрсетеді. Мақалада ұсынылған әдістемелік тұжырымдар қазақ тілін оқытуда көркем мәтінді заманауи форматта ұсынудың тиімді моделін қалыптастыруға негіз бола алады. Зерттеу нәтижелері көрсеткендей, ертегіні комикс форматына бейімдеу барысында «диалогтық функционализм» принципі негізінде синтаксистік құрылымдардың эллипсистенуі мен лексикалық «семантикалық ядроның» сақталуы арасындағы теңгерім орнықты. Мақалада кейіпкердің ішкі монологтарын берудің психо-визуалды тәсілдері, эпикалық гиперболаны уақыт шкаласы арқылы бейнелеу және этномәдени кодтарды визуалды метафораға айналдыру жолдары ғылыми тұрғыдан дәлелденді.