A PRAGMATIC COMPARATIVE STUDY OF CHILDREN’S SPEECH ACTS IN KAZAKH AND ENGLISH IN THE CITY OF KYZYLORDA

2024

Закрытый доступ Метаданные (CSL-JSON)
DOI 10.52081/pps.2024.v08.i4.047
Достоверность данных 70 средняя
Как считается эта оценка

Складывается из проверяемых признаков самой записи: есть ли у статьи DOI, сколько независимых источников подтвердили её данные, заполнены ли обязательные поля и насколько свежо последнее подтверждение. Снижают оценку расхождения между источниками и отсутствие идентификатора. Значение от 80 означает, что запись опубликована без дополнительной проверки; от 60 до 79 — что она опубликована с пониженной достоверностью и ручная проверка желательна. Запись, выверенную редактором вручную, пересчёт не опускает ниже 90. Это оценка наших данных о статье, а не оценка самой статьи.

Аннотация

Бұл мақала көптілді білім беру жағдайында бастауыш мектеп жасындағы балалардың сөйлеу мінез-құлқын прагматикалық тұрғыдан талдауға арналған. Зерттеудің мақсаты – Қызылорда қаласындағы 12-13 жас аралығындағы балалардың қазақ (ана тілі) және ағылшын (шет тілі) тілдерінде негізгі сөйлеу актілерін қолдану ерекшеліктерін салыстырмалы түрде анықтау. Зерттеу барысында балалардың тілдік ортаға бейімделу деңгейі мен коммуникативтік жағдаятқа сәйкес тілдік бірліктерді таңдау ерекшеліктері де назарға алынды. Сонымен қатар, екі тілдегі прагматикалық айырмашылықтардың оқыту үдерісіне ықпалы талданды. Зерттеу барысында сұрау, амандасу, алғыс айту, кешірім сұрау және бас тарту сияқты сөйлеу актілерінің жиілігі мен прагматикалық стратегиялары қарастырылды.Зерттеу барысында сұрау, амандасу, алғыс айту, кешірім сұрау және бас тарту сияқты сөйлеу актілерінің жиілігі мен прагматикалық стратегиялары қарастырылды. Эмпирикалық деректер бақылау, аудиожазба және рөлдік ойындар арқылы жиналып, Дж. Серльдің сөйлеу актілері классификациясы негізінде талданды. Нәтижелер көрсеткендей, қазақ тілінде балалардың сөйлеу әрекеттері контекстке бейімделген, икемді және мәдени нормаларға сәйкес жүзеге асады, ал ағылшын тілінде сөйлеу көбіне оқу барысында меңгерілген стандартты формулаларға сүйенеді. Мақала шет тілін оқытуда прагматикалық құзыреттілікті мақсатты түрде дамыту қажеттігін негіздейді және тілдік коммуникативтік дағдыларды ерте жастан қалыптастырудың тиімді әдістерін ұсынады.