ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ СУБСИДИЯЛАНАТЫН ЖӘНЕ СУБСИДИЯЛАНБАЙТЫН ЖҰМЫС ОРЫНДАРЫНЫҢ САЛЫСТЫРМАЛЫ ТАЛДАУЫ: ЖАЛАҚЫ ДЕҢГЕЙІ ЖӘНЕ АДАМИ КАПИТАЛҒА ҚОЙЫЛАТЫН ТАЛАПТАР

2026

Закрытый доступ Метаданные (CSL-JSON)
DOI 10.52536/2788-5860.2026.89.1.009
Достоверность данных 70 средняя
Как считается эта оценка

Складывается из проверяемых признаков самой записи: есть ли у статьи DOI, сколько независимых источников подтвердили её данные, заполнены ли обязательные поля и насколько свежо последнее подтверждение. Снижают оценку расхождения между источниками и отсутствие идентификатора. Значение от 80 означает, что запись опубликована без дополнительной проверки; от 60 до 79 — что она опубликована с пониженной достоверностью и ручная проверка желательна. Запись, выверенную редактором вручную, пересчёт не опускает ниже 90. Это оценка наших данных о статье, а не оценка самой статьи.

Аннотация

Зерттеу 2025 жылдың қазан айына дейін жиналған онлайн порталдан алынған микродеректерге (72 391 бос жұмыс орны туралы хабарландыру) негізделіп, Қазақстандағы субсидияланатын және суб-сидияланбайтын жұмыс орындарының салыстырмалы сандық талдау-ын ұсынады. Зерттеу мемлекеттік субсидия жағдайының мәлімделген жалақы мен адами капиталға қойылатын талаптарға қалай әсер ететінін түсінудегі эмпириялық олқылықтың орнын толтырады. Деректер жинағы екі санатқа бөлінді: мемлекеттік субсидияланатын және субсидияланбайтын бос жұмыс орындары. Жалақы деңгейіне білім деңгейі, елді мекен түрі және басқа да факторлардың ықпалын ескере отырып, регрессиялық талдау арқылы, екі түрлі салыстырмалы талдау жүргізілді.Нәтижелер екі сегменттегі білім деңгейіне байланысты жалақы айырмашылықтары бар екенін көрсетеді. Субсидияланбайтын бос орындарда жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім ең төменгі жалақының жоғары деңгейімен оң байланысты, ал субсидияланатын бос жұмыс орындарда жоғары білімнің мұндай ықпалы байқалмайды. Алынған қорытындылар жұмыс орындарының сегментациясын эмпириялық тұрғыдан растайды. Субсидияланатын бос жұмыс орындары стандартталған және орташа есеппен төмен жалақы төленетін сегмент ретінде қарастырылады, ал субсидияланбайтын бос жұмыс орындарына жоғары жалақы төленетінімен, төлем шарттары анық емес.