УРБАНДАЛҒАН ОРТАДА ӨСЕТІН КӘДІМГІ БАҚБАҚТА ҚОРҒАСЫННЫҢ ЖИНАҚТАЛУЫН БАҒАЛАУ

2026

Полный текст Открытый доступ: Gold Метаданные (CSL-JSON)
DOI 10.26577/jgem80120267
Достоверность данных 70 средняя
Как считается эта оценка

Складывается из проверяемых признаков самой записи: есть ли у статьи DOI, сколько независимых источников подтвердили её данные, заполнены ли обязательные поля и насколько свежо последнее подтверждение. Снижают оценку расхождения между источниками и отсутствие идентификатора. Значение от 80 означает, что запись опубликована без дополнительной проверки; от 60 до 79 — что она опубликована с пониженной достоверностью и ручная проверка желательна. Запись, выверенную редактором вручную, пересчёт не опускает ниже 90. Это оценка наших данных о статье, а не оценка самой статьи.

Аннотация

Қазiргi уақытта қала ортасының ластануы өзекті мәселе болуда, өйткенi көлiк құралдары мен өнеркәсiптің газ және шаң тәрiздi қалдықтарымен қарқынды қаныққан. Бұл адам мен басқа да организмдердің өмір сүру жағдайларының нашарлауына әкелуде. Сондықтан ластаушы заттардың әртүрлілігі мен техногендік әсер ету түрлеріне байланысты қоршаған ортаның жай-күйіне экологиялық мониторинг жүргізуге биоалуантүрлілік спектрін кеңейту қажет. Мақала автокөліктерден қорғасынның атмосфераға таралуы, оның топырақ қабаттары бойынша шоғырлануы, топырақтағы микроағзалалардың санына әсері, сондай-ақ кәдімгі бақбақтың вегетативті мүшелерін талдау негізінде екі қаладағы табиғи ортаның қорғасынмен ластану дәрежесін салыстыра отырып бағалауға негізделген. Зерттеуге көлік ағыны жоғары Алматы қаласының топырағы және Талғар қаласының бау-бақша учаскелерінің топырақтары, кәдімгі бақбақ өсімдігінің тамырлары, сабақтары мен жапырақтарының үлгісі жиналып, оларда қорғасынның жинақталу мөлшері зерттелді. Сонымен бірге автокөліктен шығатын ластаушы газдардың құрамындағы қорғасынның атмосферадағы мөлшері есептелді. Урбандалған ортада автокөліктерден және басқа да көздерден шыққан қорғасын топырақ пен өсімдікте аккумуляцияланады. Сондай өсімдіктің бірі-кәдімгі бақбақ. Зерттеу мағлұматтары қала ортасының белсенді поллютанттармен ластануын айғақтайды. Сондай-ақ статистикалық және кеңістіктік талдаулар автокөлік жүктемесі жоғары ортада өскен кәдімгі бақбақтың, бұл түрді қала ортасының биомониторингінің көрсеткіші ретінде ұсынуға болатынын көрсетеді