КРЕАТИВТІ ИНДУСТРИЯЛАР ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ САЯСИ ЖӘНЕ ӘЛЕУМЕТТІК ДАМУДЫҢ ФАКТОРЫ РЕТІНДЕ

2026

Закрытый доступ Метаданные (CSL-JSON)
DOI 10.52536/2788-5860.2026.89.1.001
Достоверность данных 70 средняя
Как считается эта оценка

Складывается из проверяемых признаков самой записи: есть ли у статьи DOI, сколько независимых источников подтвердили её данные, заполнены ли обязательные поля и насколько свежо последнее подтверждение. Снижают оценку расхождения между источниками и отсутствие идентификатора. Значение от 80 означает, что запись опубликована без дополнительной проверки; от 60 до 79 — что она опубликована с пониженной достоверностью и ручная проверка желательна. Запись, выверенную редактором вручную, пересчёт не опускает ниже 90. Это оценка наших данных о статье, а не оценка самой статьи.

Аннотация

Мақалада 2019–2025 жылдар аралығындағы кезеңде Қазақстан Республикасындағы креативті индустриялардың қалыптасуы мен дамуы үдерісіне кешенді саяси-ғылыми талдау ұсынылады. Экономикалық детерминизмге негізделген басым көзқарастардан өзгеше, авторлар «креативті бетбұрыстың» саяси және әлеуметтік қырларына ерекше назар аударады. Зерттеудің мақсаты – «креативті индустрия» ұғымының теориялық негіздерін талдау және креативті сектордың дамуы Қазақстанның саяси және әлеуметтік дамуына қандай жолдармен ықпал ете алатынын айқындау.Зерттеу неоинституционалдық тәсілдің, модернизация теориясының және «жұмсақ күш» тұжырымдамасының синтезіне негізделген. Эмпирикалық деректерді, нормативтік-құқықтық актілерді және ресми саяси риториканы талдау нәтижелері Қазақстандағы креативті индустриялардың дамуы тек экономиканы әртараптандыру құралы ғана емес, сонымен қатар жаңа ұлттық бірегейлікті («Жаңа Қазақстан») қалыптастыру стратегиясы, жастарды саяси әлеуметтендіру тетігі және өтпелі кезең жағдайында билікті легитимациялау тәсілі ретінде қызмет атқаратынын көрсетеді. Мақалада креативтіліктің либералдық мәні мен мәдени өндіріс саласындағы мемлекеттік басқару әрекеттері арасындағы қайшылықтарға, сондай-ақ әлеуметтік жіктелуге алып келуі мүмкін өңірлік айырмашылықтарға ерекше назар аударылады.