Құтыптың «Хұсрау уа Шырын» дастанындағы моральдық-этикалық өсиетнама А. Байтұрсынұлының «Әдебиет танытқыш» еңбегіндегі ұлттық драматургия мәселесі

2026

Полный текст Открытый доступ: Gold Метаданные (CSL-JSON)
DOI 10.26577/ejph2011202621
Достоверность данных 70 средняя
Как считается эта оценка

Складывается из проверяемых признаков самой записи: есть ли у статьи DOI, сколько независимых источников подтвердили её данные, заполнены ли обязательные поля и насколько свежо последнее подтверждение. Снижают оценку расхождения между источниками и отсутствие идентификатора. Значение от 80 означает, что запись опубликована без дополнительной проверки; от 60 до 79 — что она опубликована с пониженной достоверностью и ручная проверка желательна. Запись, выверенную редактором вручную, пересчёт не опускает ниже 90. Это оценка наших данных о статье, а не оценка самой статьи.

Аннотация

Қазіргі таңда моральдық-этикалық мәселелерді зерттеу адамгершілік құндылықтардың қоғамдағы рөлін түсіну және оларды нығайту үшін маңызды. Жаһандану мен мәдени алмасудың күшеюіне байланысты көптеген елдерде құндылықтар жүйесі өзгеруде, бұл адамдар арасындағы өзара құрмет пен жауапкершілікке негізделген этикалық қағидаларды қайта бағалауды талап етеді. Моральдық-этикалық нормалар қоғамдық тәртіпті, әділдік пен бейбітшілікті сақтау үшін қажет болғандықтан, олардың мазмұнын терең зерттеу қазіргі қоғамда өзекті мәселелердің бірі. Түркі мәдениеті мен әдебиетінде моральдық-этикалық құндылықтар ежелгі дәуірлерден бастап қалыптасып, халық даналығы, салт-дәстүрлер және поэтикалық шығармалар арқылы ұрпақтан-ұрпаққа беріліп келген. Бұл құндылықтар – әділдік, адалдық, сабырлық, қайырымдылық және еркіндік ұғымдарына негізделген. Түркі әдебиетінің маңызды туындыларында адамгершілік ұстанымдары көркем бейнелер, дидактикалық өсиеттер және қаһармандық тұлғалар арқылы насихатталып, қоғамдағы тұрақтылықты сақтауға бағытталған. Құтыптың «Хұсрау уа Шырын» дастанының осы аспектіден қарастырылуы поэманың рухани құндылықтарды дәріптеуіндегі маңызды рөлінен туындайды. Мақалада Құтыптың «Хұсрау уа Шырын» поэмасындағы моральдық-этикалық құндылықтар мен олардың түркі мәдениетіндегі рөлі қарастырылады. Құтыптың шығармасы қазақ әдебиетінің ортағасырлық үлгісі ретінде моральдық және адамгершілік нормаларды сақтау мен насихаттауға бағытталған. Ақынның кейіпкерлері арқылы әділдік, адалдық, қайырымдылық, махаббат және рухани тазалық секілді құндылықтар ашылып, олардың адамгершілік пен мәдениеттің жоғары сатысын қалыптастырудағы маңызы талданады. Сондай-ақ поэманың әдеби және философиялық тұрғыдан талдауы жасалып, қазіргі қоғамда да өзекті болып отырған моральдық-этикалық қағидаттардың мәні көрсетіледі. Түйін сөздер: мәдениет, әдебиет, құндылық, мораль, этика, өсиет.