Тілдік құқықбұзушылық көрінісі ретіндегі коммуникативтік қысымның прагмалингвистикалық құралдары

2026

Полный текст Открытый доступ: Gold Метаданные (CSL-JSON)
DOI 10.26577/ejph2011202612
Достоверность данных 70 средняя
Как считается эта оценка

Складывается из проверяемых признаков самой записи: есть ли у статьи DOI, сколько независимых источников подтвердили её данные, заполнены ли обязательные поля и насколько свежо последнее подтверждение. Снижают оценку расхождения между источниками и отсутствие идентификатора. Значение от 80 означает, что запись опубликована без дополнительной проверки; от 60 до 79 — что она опубликована с пониженной достоверностью и ручная проверка желательна. Запись, выверенную редактором вручную, пересчёт не опускает ниже 90. Это оценка наших данных о статье, а не оценка самой статьи.

Аннотация

Түрлі сөйлеу жағдаятында өрбитін тұлғааралық коммуникация үдерісінде көрініс беретін сөйлеу әрекеттерінің қатарында коммуникативтік қысым немесе сөз қысымы да орын алады. Тұлғааралық коммуникация үдерісінде адресанттың адресатқа агрессивті ықпал етуге бағытталған сөздерінің кейбір жағдайлары – адресат-тұлғаның құқықтық мәселедегі еркін шектеу, оны өзі қаламайтын іске мәжбүрлеу сияқты әрекетін қамтуына байланысты тілдік құқықбұзушылық қатарында қарастырылу мүмкіндігіне ие. Бұл жағдай коммуникативтік қысымның лингвистикалық белгілері мен тілдік құралдарын зерттеудің сот лингвистика теориясы мен практикасы үшін маңыздылығын көрсетеді. Мақалада осы жоғарыда көрсетілген мәселе шешімінде коммуникативтік қысымның тілдік құқықбұзушылық көрінісі ретіндегі дерегіне лингвистикалық талдау жасау арқылы оның басты лингвистикалық белгілерін, сөйлеу стратегиялары мен тактикаларын анықтау мақсаты көзделеді. Осы орайда коммуникативтік қысымның нақты дерегіне – ажырасқан ерлі-зайыптылар арасында жазылған қолхат пен әңгіме бейнежазбасының стенограммасына лингвистикалық зерттеу жүргізілді. Мақалада коммуникативтік қысым адресаттың немесе қарсы тараптың мүддесіне залалды (деструктивті), оның құқығына қайшы ықпал етуге құрылған сөйлеу актісі тұрғысынан қарастырылады. Тыңдаушыға ықпал етуге бағытталған әрекет ретіндегі коммуникативтік қысымды зерттеуде сөйлеу актілері теориясының ғылыми тұжырымдамалары және прагмалингвистикалық, сонымен қатар синтаксистік, стильдік, емле талдау әдіс-тәсілдері қолданылды. Нәтижесінде ажырасқан ерлі-зайыптылар арасында жазылған қолхат пен әңгіменің бейнежазбасы негізінде адресант тарапынан адресаттың (тыңдаушының) еркін шектеу жағдайында жүзеге асырылған коммуникативтік қысым сөздеріне тән прагмалингвистикалық белгілер мен тілдік құралдары анықталады және тілдік тактикалары жүйеленеді. Түйін сөздер: коммуникативтік қысым, вербалды құралдар, сөйлеу стратегиялары, тілдік тактикалар, тілдік құқықбұзушылық.