Отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылықты қылмыстық-құқықтық жүйелік деликт ретінде қарастыру

2026

Полный текст Открытый доступ: Gold Метаданные (CSL-JSON)
DOI 10.32523/2616-6844-2026-154-1-183-204
Достоверность данных 70 средняя
Как считается эта оценка

Складывается из проверяемых признаков самой записи: есть ли у статьи DOI, сколько независимых источников подтвердили её данные, заполнены ли обязательные поля и насколько свежо последнее подтверждение. Снижают оценку расхождения между источниками и отсутствие идентификатора. Значение от 80 означает, что запись опубликована без дополнительной проверки; от 60 до 79 — что она опубликована с пониженной достоверностью и ручная проверка желательна. Запись, выверенную редактором вручную, пересчёт не опускает ниже 90. Это оценка наших данных о статье, а не оценка самой статьи.

Аннотация

Бұл мақалада отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылықты қылмыстық-құқықтық жүйелік деликт тұжырымдамасы тұрғысынан кешенді зерттеу нысанына айналдырылған. Дәстүрлі қылмыстық құқық мұндай әрекеттерді жеке, оқшау құқықбұзушылықтар ретінде қарастырады. Алайда бұл тәсіл зорлық-зомбылықтың шынайы табиғатын – жәбірленушіге үстемдік орнатуға бағытталған тұрақты мінез-құлық үлгісін толық ашып бере алмайды. Зерттеуде оқиғалық тәсілден жүйелікке көшу қажеттігі негізделеді. Мұнда отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылық біртұтас, ұзақ мерзімді деликт ретінде қарастырылып, оған тән физикалық, психологиялық, экономикалық және жыныстық сипаттағы әрекеттердің жиынтығы ескеріледі. Қазақстан Республикасы, Ұлыбритания, АҚШ және бірнеше еуропалық елдердің заңнамаларына, сондай-ақ халықаралық стандарттарға (Стамбұл конвенциясы, CEDAW ұсынымдары) жүргізілген салыстырмалы құқықтық талдау негізінде құқықтық реттеудегі негізгі олқылықтар анықталған. Автор тарапынан бұл мәселені жүйелік деликт ретінде жеке қылмыстық құрамға жатқызу бойынша балама модель ұсынылады. Зерттеудің әдіснамалық негізін салыстырмалы-құқықтық, догматикалық, жүйелі-құрылымдық және статистикалық әдістер құрайды. Алынған нәтижелер отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылықпен күресте оқиғалық тәсілдің жеткіліксіз екенін, ал жүйелік деликт тұжырымдамасын енгізу жәбірленушілерді қылмыстық-құқықтық қорғаудың толықтығын және әрекеттерге лайықты баға беруді қамтамасыз ететінін көрсетеді, жәбірленушілердің құқықтарын қорғаудың тиімділігін айтарлықтай арттыруға мүмкіндік береді.