ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ ИРРИГАЦИЯЛЫҚ ЖҮЙЕЛЕРІНІҢ ТЕХНИКАЛЫҚ ЖАҒДАЙЫ ЖӘНЕ ОЛАРДЫҢ СУАРМАЛЫ ЕГІСТІК ЖЕРЛЕРІНІҢ МЕЛИОРАТИВТІК ЖАҒДАЙЫНА ӘСЕРІ

2026

Полный текст Открытый доступ: Gold Метаданные (CSL-JSON)
DOI 10.26577/jgem80120266
Достоверность данных 70 средняя
Как считается эта оценка

Складывается из проверяемых признаков самой записи: есть ли у статьи DOI, сколько независимых источников подтвердили её данные, заполнены ли обязательные поля и насколько свежо последнее подтверждение. Снижают оценку расхождения между источниками и отсутствие идентификатора. Значение от 80 означает, что запись опубликована без дополнительной проверки; от 60 до 79 — что она опубликована с пониженной достоверностью и ручная проверка желательна. Запись, выверенную редактором вручную, пересчёт не опускает ниже 90. Это оценка наших данных о статье, а не оценка самой статьи.

Аннотация

Мақалада Түркістан облысындағы ирригациялық жүйелердің қазіргі техникалық жай-күйі және олардың суармалы егістік жерлердің мелиоративтік жағдайына тигізетін әсері қарастырылған. Зерттеу барысында негізгі суару және коллекторлық-дренаждық желілердің физикалық тозу деңгейі, гидротехникалық құрылыстардың пайдалану тиімділігі, сондай-ақ су беру режимдерінің топырақтың агромелиоративтік көрсеткіштеріне ықпалы талданды. Зерттеудің ақпараттық базасын көпжылдық архивтік материалдар, далалық бақылау деректері және қашықтан зондтау мәліметтері құрады. Зерттеу нәтижелері ирригациялық және коллекторлық-дренаждық жүйелердің техникалық жағдайының қанағаттанарлықсыз болуына байланысты Түркістан облысындағы суармалы жерлердің жыл сайын шамамен 10–15 % пайдаланылмай келеді. Атап айтқанда, суармалы алқаптардың 1,5–3 %-ы өте күшті тұздануға, 4–5,6 %-ы су тапшылығына, 1,5–2 %-ы жер асты сулары деңгейінің шектен тыс (2 м-ден жоғары) көтерілуіне немесе батпақтануға, ал 5,6–7 %-ы суару жүйелерінің тозуына және өзге де қаржылық-техникалық факторларға байланысты пайдаланылмай отыр. Алынған нәтижелер ирригациялық жүйелердің техникалық тозуы топырақтың тұздану және батпақтану үдерістерінің күшеюіне, жер асты сулары деңгейінің жоғарылауына және суармалы егістік жерлердің өнімділігінің төмендеуіне әкелетінін айқындады. Зерттеу қорытындылары өңірдегі суару жүйелерін жаңғырту, су ресурстарын тиімді басқару және суармалы жерлердің мелиоративтік жағдайын жақсарту бойынша ғылыми-практикалық ұсынымдар әзірлеуге негіз бола алады.