Инклюзивті білім беру жүйесінде ата-аналарды психологиялық-педагогикалық қолдаудың теориялық негіздері

2026

Полный текст Открытый доступ: Hybrid Метаданные (CSL-JSON)
DOI 10.31489/2026ped1/128-138
Достоверность данных 70 средняя
Как считается эта оценка

Складывается из проверяемых признаков самой записи: есть ли у статьи DOI, сколько независимых источников подтвердили её данные, заполнены ли обязательные поля и насколько свежо последнее подтверждение. Снижают оценку расхождения между источниками и отсутствие идентификатора. Значение от 80 означает, что запись опубликована без дополнительной проверки; от 60 до 79 — что она опубликована с пониженной достоверностью и ручная проверка желательна. Запись, выверенную редактором вручную, пересчёт не опускает ниже 90. Это оценка наших данных о статье, а не оценка самой статьи.

Аннотация

Мақалада инклюзивті білім беру жүйесінде ата-аналарды психологиялық-педагогикалық қолдау ұғымының ғылыми-теориялық негіздері қарастырылып, оның педагогикалық ғылым мен тәжірибе жүйесіндегі орны мен маңыздылығы анықталған. Психологиялық және педагогикалық қолдаудың мазмұнына байланысты ғалымдардың әртүрлі көзқарастары талданып, олардың негізгі ғылыми ұстанымдары жүйеленген. Мақаланың мақсаты — инклюзивті білім беру жүйесінде ата-аналарға көрсетілетін психологиялық-педагогикалық қолдаудың мазмұны, мәні мен теориялық негіздерін талдап, дамуында ерекшеліктері бар балаларды өсіріп отырған жанұяларға бағытталған мұндай қолдаудың өзіндік ерекшеліктерін анықтау. Зерттеу әдістері: психологиялық-педагогикалық қолдаудың теориясына қатысты ғылыми-әдістемелік әдебиеттерді талдау; баланы тәрбиелеу және қоғамға бейімдеу үрдісіне бағытталған арнайы таңдалған сауалнамаларды қолдану; талдау жүргізу және диагностикалық нәтижелерді интерпретациялау; алынған нәтижелерді статистикалық өңдеу және педагогикалық тұрғыдан түсіндіру. Диагностикалық құралдар ретінде бақылау, сауалнама және ата-аналармен әңгімелесу әдістері пайдаланылды. Зерттеу нәтижесінде ата-аналарға психологиялық-педагогикалық қолдау көрсетудің қазіргі таңдағы сұраныс деңгейін сипаттайтын мәліметтер алынды. Жүргізілген зерттеуде ата-аналарды психологиялық-педагогикалық қолдаудың теориялық үлгілері анықталып, олардың инклюзивті білім беру тәжірибесін жетілдірудегі маңызы негізделді. Инклюзивті білім беру жағдайында ата-аналардың белсенді араласуы ерекше қажеттілігі бар балалардың сәтті дамуы мен әлеуметтенуінің шешуші факторы екендігі дәлелденеді.