Батырлар жырында эмоциялық әсер тудырудағы анафора мен эпифораның мәні

2026

Полный текст Открытый доступ: Gold Метаданные (CSL-JSON)
DOI 10.26577/ejph201120262
Достоверность данных 70 средняя
Как считается эта оценка

Складывается из проверяемых признаков самой записи: есть ли у статьи DOI, сколько независимых источников подтвердили её данные, заполнены ли обязательные поля и насколько свежо последнее подтверждение. Снижают оценку расхождения между источниками и отсутствие идентификатора. Значение от 80 означает, что запись опубликована без дополнительной проверки; от 60 до 79 — что она опубликована с пониженной достоверностью и ручная проверка желательна. Запись, выверенную редактором вручную, пересчёт не опускает ниже 90. Это оценка наших данных о статье, а не оценка самой статьи.

Аннотация

Мақалада қазақ батырлар жырының поэтикалық құрылымындағы анафора мен эпифораның эмоциялық және прагматикалық қызметі кешенді түрде сипатталады. Зерттеудің мақсаты – анафора/эпифораның эпикалық пафос пен ритмді ұйымдастырудағы және оқырман қабылдауындағы (эмоциялық резонанс, есте сақтау, сендіру) рөлін анықтау. Материал ретінде эпикалық мәтіндерден алынған репрезентативті үзінділер іріктеліп, поэтикалық-стилистикалық талдау жасалды; әдіс ретінде ашық сұрақтар форматындағы сауалнама қолданылып, респонденттердің еркін жауаптарына тақырыптық кодтау жүргізілді. Нәтижесінде анафора тармақ басындағы қайталаулар арқылы бастау екпінін күшейтіп, «көшбасшы үн» әсерін туындататыны; эпифора тармақ соңындағы формулалар арқылы ойды түйіндеп, эмоциялық әсерді ұзартатыны дәлелденді. Қайталама тәсілдері мәтіннің когезиясын, ритм мен әуезділігін күшейтіп, мнемоникалық ілігу тудырады: сауалнамада қайталамасы бар тармақтар «ұмытылмайды», «ұранға айналады» деп бағаланды. Теориялық және эмпириялық деректерді тоғыстыру анафора / эпифораның ұлттық-мәдени кодтарды (рух, бірлік, табандылық) белсендіруде маңызды құрал екенін көрсетеді. Зерттеудің практикалық маңызы – эпикалық мәтіндерді талдауда қабылдау деректерін жүйелі қолдану, ал әдістемелік маңызы – болашақта сандық мәтінтану (позициялық-жиілік талдау, ритмдік маркерлер бойынша автоматты белгілеу) бағыттарын енгізуге негіз қалайды. Шектеулер ретінде іріктеме мен стратификация параметрлері аталып, келешек зерттеулерге эксперименттік дизайн және аудармадағы қайталамалардың әсерін салыстырмалы қабылдау арқылы тексеру ұсынылады. Түйін сөздер: анафора; эпифора; поэтикалық қайталау; батырлар жыры; эмоциялық әсер; ритм және интонация; лингвопрагматика.