ГЕОЖҮЙЕЛЕРДІҢ ФУНКЦИОНАЛДЫҒЫНЫҢ ҚАРҚЫНДЫЛЫҚ ДӘРЕЖЕСІН БАҒАЛАУДАҒЫ ТАБИҒИ - ГЕОГРАФИЯЛЫҚ ФАКТОРЛАР

2026

Полный текст Открытый доступ: Gold Метаданные (CSL-JSON)
DOI 10.26577/jgem80120262
Достоверность данных 70 средняя
Как считается эта оценка

Складывается из проверяемых признаков самой записи: есть ли у статьи DOI, сколько независимых источников подтвердили её данные, заполнены ли обязательные поля и насколько свежо последнее подтверждение. Снижают оценку расхождения между источниками и отсутствие идентификатора. Значение от 80 означает, что запись опубликована без дополнительной проверки; от 60 до 79 — что она опубликована с пониженной достоверностью и ручная проверка желательна. Запись, выверенную редактором вручную, пересчёт не опускает ниже 90. Это оценка наших данных о статье, а не оценка самой статьи.

Аннотация

Қазақстан Республикасында геожүйелердің трансформациясы қарқынды шаруашылық қызметпен тікелей байланысты антропогендік факторлардың, сонымен қатар климаттың ғаламдық жылыну үрдісіне сәйкес жүретін табиғи үдерістердің бірлескен және кешенді ықпалымен айқындалады. Бұл факторлар өзара әрекеттесе отырып, табиғи кешендердің құрылымы мен қызметіне, олардың тұрақтылығы мен бейімделу мүмкіндіктеріне елеулі өзгерістер енгізеді. Зерттеудің негізгі мақсаты – Қазақстан аумағындағы өзен алабы геожүйелерінің функционалдылығының қарқындылық дәрежесіне әсер ететін табиғи‑географиялық факторларды жан-жақты анықтау және сол факторлардың маусымдық ырғақтылығын сандық тұрғыдан бағалау. Осы мақсатта «ландшафттың биологиялық тиімділігінің көрсеткіші» әдісі қолданылып, ол Шарын өзені алабының геожүйелерінің мысалында егжей‑тегжейлі қарастырылады. Жылумен және ылғалмен қамтамасыз етілу коэффициенттері негізінде геожүйелердің функционалдығы 10°C‑тан жоғары ауа температурасының жылдық қосындысы мен жылдық ылғалдылық коэффициентіне сүйене отырып есептелді, бұл табиғи жағдайлардың өнімділік әлеуетін сипаттауға мүмкіндік береді. Геожүйелердің функционалдығына LandViewer EOSDA цифрлық мониторинг платформасы мен «Қазгидромет» РММ ұзақ мерзімді бақылау деректерінің көрсеткіштері бойынша кешенді талдау жасалды. NDVI және NDWI қашықтықтан зондтау индекстері, сондай‑ақ негізгі климаттық параметрлердің жинақталған мәндері арқылы геожүйелердің жылдық циклдің суық‑қарлы және вегетациялық кезеңдеріндегі табиғи үдерістерінің ырғақтылығы анықталып, типологиялық тұрғыдан жіктелді. Зерттеу нәтижесінде Шарын өзені алабының әртүрлі физика‑географиялық зоналарында орналасқан геожүйелер үшін жылдық циклдің суық‑қарлы кезеңі мен вегетациялық кезеңіндегі табиғи үдерістердің маусымдық ырғақтылығының кеңістіктік айырмашылықтары айқындалып, олар функционалдық белсенділік дәрежесі бойынша топтастырылды.