ҚАЛАЛЫҚ МАГИСТРАЛЬДЫҚ КӨШЕЛЕРДІҢ ТЫҒЫЗ КӨЛІК АҒЫНЫ ЖАҒДАЙЫНДА КӨЛІК ТҰРАҚТАРЫ ЖҮЙЕСІНІҢ ӘСЕРІН ТАЛДАУ

2026

Закрытый доступ Метаданные (CSL-JSON)
DOI 10.53364/24138614_2026_40_1_10
Достоверность данных 70 средняя
Как считается эта оценка

Складывается из проверяемых признаков самой записи: есть ли у статьи DOI, сколько независимых источников подтвердили её данные, заполнены ли обязательные поля и насколько свежо последнее подтверждение. Снижают оценку расхождения между источниками и отсутствие идентификатора. Значение от 80 означает, что запись опубликована без дополнительной проверки; от 60 до 79 — что она опубликована с пониженной достоверностью и ручная проверка желательна. Запись, выверенную редактором вручную, пересчёт не опускает ниже 90. Это оценка наших данных о статье, а не оценка самой статьи.

Аннотация

Бүгінде әлемнің, оның ішінде еліміздің бірнеше қалаларында автокөлік тұрақтарын ұйымдастыру өзекті мәселе болып табылады. Бұл көлемі үнемі өсіп келе жатқан автомобильдену қарқынымен байланысты. Бұның әсері қалалық магистральдық көшелерде немесе көше - жол тораптарында көлік құралдарының қозғалыс қарқындылығының артуынан, көше-жол тораптары мен магистральдық көшелердің өткізу қабілетінің төмендеуінен, көше - жол тораптарының көліктік жүктемелік деңгейінің өсе түсуімен түсіндіріледі. Қалыптасқан жағдайға байланысты қала билігіне автотұрақтарды ұйымдастыру мен басқарудың кешенді жобасын әзірлеу міндеттеледі. Белгілі-бір қаланың көлік инфрақұрылымының жағдайы жеке екені белгілі; оның өзіндік ерекшеліктері, тарихы немесе мәселелері бар. Дегенмен, автомобильдену деңгейі жоғары елдерде шетелдік тәжірибені талдау және пайдалану құнды материал, үлгі болып табылады және еліміздің ірі қалаларында автотұрақтарды ұйымдастыру мәселесін шешу барысында ескерілуі қажет. Қалалық көлік ағынын арттыру мақсатында қалалық магистральды көшелерде айтулы өзгерістер енгізу тәжірибесі дерлік қалаларға тән жағдай. Көлік құралдары қозғалыстарының жеке кезеңінде магистральды көшелерде көліктік жүктеме басымдығын бәсеңдету «тоспа» автотұрақтар жүйесімен іске асырылуы мүмкін. Осы зерттеуде изохрондық әдіс көлік жүйелерінің кеңістік-уақыттық тиімділігін бағалаудың негізгі әдістемелік құралы ретінде қарастырылады. Ұсынылған әдіс қалалық деңгейдегі көлік ағынын зерттеу негізінде талдауға ғана бағытталған.