АШЫҚ БАҒДАРЛАМАЛЫҚ ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ НЕГІЗІНДЕ ВИРТУАЛДЫ ЗЕРТХАНАЛАР АРҚЫЛЫ ИНФОРМАТИКАНЫ ОҚЫТУДЫ ЦИФРЛЫҚ ТҮРЛЕНДІРУ

2026

Закрытый доступ Метаданные (CSL-JSON)
DOI 10.48371/peds.2026.80.1.024
Достоверность данных 70 средняя
Как считается эта оценка

Складывается из проверяемых признаков самой записи: есть ли у статьи DOI, сколько независимых источников подтвердили её данные, заполнены ли обязательные поля и насколько свежо последнее подтверждение. Снижают оценку расхождения между источниками и отсутствие идентификатора. Значение от 80 означает, что запись опубликована без дополнительной проверки; от 60 до 79 — что она опубликована с пониженной достоверностью и ручная проверка желательна. Запись, выверенную редактором вручную, пересчёт не опускает ниже 90. Это оценка наших данных о статье, а не оценка самой статьи.

Аннотация

Білім беру процесінде ақпараттық-коммуникациялық технологияларды белсенді қолдану кең таралған заманауи бағыттардың бірі болып табылады. Информатиканы оқытуда цифрлық құралдарды интеграциялау білім алушылардың оқу мотивациясына оң әсер етеді, интерактивті білім беру ортасын құруға және білім алушыларды оқыту процесіне белсенді қосуға ықпал тигізеді. Цифрлық түрлендірудің ең перспективалы бағыттарының бірі ол әрине виртуалды зертханалар, әсіресе ашық бағдарламалық қамтамасыз ету негізінде әзірленген зертханаларды пайдалану болып табылады. Мұндай зертханалар орын мен уақытқа қарамастан ресурстарға қол жеткізуді қамтамасыз ете отырып, оқытуға тәжірибеге бағдарланған тәсілді іске асыруға мүмкіндік береді, сондай-ақ білім алушылардың кәсіби және АКТ-құзыреттіліктерін дамытуға ықпал етеді. Ашық бағдарламалық қамтамасыз ету негізінде виртуалды зертханалар келесі мүмкіндіктерді ұсынады: алгоритмдерді модельдеу, есептеу процестерін визуализациялау, жобаларды іске асыру, бағдарламаларды тестілеу және т.б. Бұл құралдар қашықтықтан және гибридті оқытуды ұйымдастыруда, сондай-ақ жекелендірілген білім беру траекториясын қалыптастыруда тиімді болады. Зерттеу барысында құжаттарды талдаудың сапалы әдісі қолданылды. Сонымен қатар, тәжірибелік сабақтар мен жобалық іс-әрекеттерде виртуалды зертханаларды қолданудың педагогикалық тиімділігі бағаланып, студенттердің ынтасы мен дербестігі артқаны анықталды. Tinkercad, Open Roberta Lab, Code.org сияқты ең сұранысқа ие және тиімді виртуалды зертханаларға шолу жасалды. Олардың функционалдық ерекшеліктері сипатталған және оқу практикасында қолданудың иллюстрациялары келтірілген. Осының арқасында ашық бағдарламалық қамтамасыз ету негізінде виртуалды зертханаларды пайдаланудың ең перспективалы бағыттары анықталды, бұл информатиканы оқытуда жаңа әдістемелік шешімдерді әзірлеу үшін негіз бола алады.