БІЛІМ БЕРУДІ ЦИФРЛАНДЫРУ ЖАҒДАЙЫНДА ЖОҒАРЫ СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫНА ӘЛ-ФАРАБИДІҢ ТРИГОНОМЕТРИЯСЫН ЭКСПЕРИМЕНТТІК ОҚЫТУ

2026

Закрытый доступ Метаданные (CSL-JSON)
DOI 10.48371/peds.2026.80.1.033
Достоверность данных 70 средняя
Как считается эта оценка

Складывается из проверяемых признаков самой записи: есть ли у статьи DOI, сколько независимых источников подтвердили её данные, заполнены ли обязательные поля и насколько свежо последнее подтверждение. Снижают оценку расхождения между источниками и отсутствие идентификатора. Значение от 80 означает, что запись опубликована без дополнительной проверки; от 60 до 79 — что она опубликована с пониженной достоверностью и ручная проверка желательна. Запись, выверенную редактором вручную, пересчёт не опускает ниже 90. Это оценка наших данных о статье, а не оценка самой статьи.

Аннотация

Бұл зерттеудің өзектілігі екі жақты қажеттілікке байланысты: біріншіден, орта мектептің алгебра курсында тригонометрияны оқытудың тиімділігі мен қазіргі мектеп оқушыларының қызығушылығын арттыруға цифрлық білім беру ортасына бейімдеу қажеттілігі болса, екіншіден, әл-Фараби мұрасының тригонометриядағы орасан зор дидактикалық әлеуетімен білім мазмұнын байыту және оқушылардың терең пәндік білімдерін дамыту, сонымен қатар олардың есептеуіштік ойлау дағдыларын дамыту болып табылады. Зерттеудің мақсаты – заманауи цифрлық және білім беру технологияларының негізінде әл-Фарабидің тригонометриялық мұрасынан алынған есептермен толықтырылған алгебра курсында оқушыларды тригонометрияға оқытудың тиімділігін эксперименттік тексеру және оның оқушылардың есептеуіштік ойлауын дамытуға әсерін бағалау болып табылады. Зерттеудің әдіснамасын есептеуіштік ойлау саласындағы ғылыми еңбектерді талдау, оқушылардың осы ойлау стилін дамыту контекстіндегі әл-Фарабидің тригонометриялық мұрасын зерттеу, қарастырылып отырған мәселенің жай-күйін жан-жақты зерделеу және оны шешуге арналған педагогикалық шарттардың жиынтығын анықтау мақсатында мектепте тригонометрияны оқытуды ұйымдастыруға арналған әдебиеттерді талдау құрайды. Зерттеу нәтижелері. Ұсынылған оқыту әдістемесінің тиімділігін бағалауға Алматы қаласындағы мектептердің 9-сыныптың 103 оқушысының қатысуымен екі топқа бөлінген педагогикалық эксперимент жүргізілді. Топтардың біртектілігі Р.Амтхауэрдің когнитивтік қабілет деңгейін өлшеу сынақтарының нәтижелерінің негізінде [1-2] критерийі арқылы расталған. Эксперименттік оқытуды аяқтағаннан кейін осы топтардың есептеуіштік ойлауының сипаттамаларындағы айырмашылықтардың дұрыстығын тексеруге [3-4] критерийі қолданылды. Алынған эмпирикалық критерий мәні 7,654 критикалық мән 5,991-дап асып түсті, бұл топтар арасындағы айырмашылықтардың 95% сенімділік деңгейінде статистикалық тұрғыдан мәнді екенін көрсетеді. Өзгерістердің әсері эксперименттік оқыту әдістемесін қолданумен түсіндіріледі.