Құқықсубъектіліктің теориялық негіздері және оның заманауи эволюциясы

2026

Закрытый доступ Метаданные (CSL-JSON)
DOI 10.31489/2026l1/108-115
Достоверность данных 70 средняя
Как считается эта оценка

Складывается из проверяемых признаков самой записи: есть ли у статьи DOI, сколько независимых источников подтвердили её данные, заполнены ли обязательные поля и насколько свежо последнее подтверждение. Снижают оценку расхождения между источниками и отсутствие идентификатора. Значение от 80 означает, что запись опубликована без дополнительной проверки; от 60 до 79 — что она опубликована с пониженной достоверностью и ручная проверка желательна. Запись, выверенную редактором вручную, пересчёт не опускает ниже 90. Это оценка наших данных о статье, а не оценка самой статьи.

Аннотация

Мақалада жалпы құқық теориясының маңызды элементі болып табылатын құқықсубъектілік категориясының теориялық негіздері қарастырылып, оның қазіргі кездегі цифрлану, жаһандану және әлеуметтік-құқықтық қатынастардың күрделенуі жағдайының талаптарына жауап бере алатын заманауи эволюциясына талдау жасалынған. Зерттеу мақсаты — құқықсубъектілік табиғатының жүйелік пайымдалуы, оған қатысты құқық теориясындағы орныққан доктриналдық әдіс-тәсілдеріндегі жетілдіруді қажет ететін тұстарын ашу мен оның динамикалық сипатына қатысты өзіндік көзқарастар мен тұжырымдамалар жасау. Жұмыстың әдіснамалық негізін жалпы ғылыми және жеке ғылыми таным әдістері, яғни диалектикалық, жүйелік-құрылымдық, салыстырмалы-құқықтық және функционалдық талдау әдістері құрайды, құқықсубъектіліктік статикалық түсіндірмесінен процестікфункционалдық тәсілге өту эволюциясын ашатын отандық және шетелдік ғалымдардың еңбектері, нормативтік және соттық қайнар көздер қолданылған. Зерттеу барысында дәстүрлі құқық мектептері құқықсубъектілікті құқық субъектілерінің технологиялық дамуымен байланысты трансформациясы мен контекстілік құбылмалығын есепке ала алмайтын бекітілген заңдық мәртебе ретінде қарастыратындығы анықталды. Авторлар жеке тұлғаның, мемлекеттің және жаңа субъектілердің (цифрлық агенттер, ұйымдар) құқықтық жағдайының динамикасын сипаттайтын құқықсубъектіліктің процестік-функционалдық тұжырымдамасын ұсынады. Қорытындыда құқықсубъектіліктің классикалық доктриналды ережелерін қайта қарап, құқықсубъектіліктің цифрлық қоғам жағдайындағы құқықтық жүйенің икемділігі мен төзімділігін қамтамасыз ететін бейімделгіш үлгілерін өңдеп шығару қажеттілігіне баса назар аударылған.