Жер қазу машиналарының жұмыс органдарының морфологиялық талдауы және қозғалыс динамикасын математикалық модельдеу

2026

Закрытый доступ Метаданные (CSL-JSON)
DOI 10.32523/2616-7263-2026-154-1-203-215
Достоверность данных 70 средняя
Как считается эта оценка

Складывается из проверяемых признаков самой записи: есть ли у статьи DOI, сколько независимых источников подтвердили её данные, заполнены ли обязательные поля и насколько свежо последнее подтверждение. Снижают оценку расхождения между источниками и отсутствие идентификатора. Значение от 80 означает, что запись опубликована без дополнительной проверки; от 60 до 79 — что она опубликована с пониженной достоверностью и ручная проверка желательна. Запись, выверенную редактором вручную, пересчёт не опускает ниже 90. Это оценка наших данных о статье, а не оценка самой статьи.

Аннотация

Бұл мақалада жол және құрылыс саласында кеңінен қолданылатын жер қазу машиналарының жаңа түрлерін және жұмыс органдарын жетілдірудің ғылыми-әдістемелік негіздері қарастырылған. Қазақстандағы құрылыс көлемінің қарқынды өсуі жер қазу үрдістерін механикаландыру және олардың тиімділігін арттыру қажеттілігін туындатады. Жер қазу машиналарының өзектілігі жол, көлік, су шаруашылығы, гидротехникалық, өнеркәсіптік, азаматтық және ауыл шаруашылығы объектілерін салуға байланысты әртүрлі салаларда кеңінен қолдануға негізделген. Осы мақсатта жер қазу машиналарының жұмыс органдарын морфологиялық талдау және олардың қозғалысын математикалық модельдеу әдістері ұсынылды. Зерттеу барысында топырақты бұзу тәсілдері, жұмыс ортасы, тасымалдау әдістері, жұмыс циклі және базалық машинаға ілу түрлері бойынша жіктелім жүргізіліп, жұмыс органдарының гипотетикалық құрылымдарының көптүрлілігі анықталды. Морфологиялық ағаш негізінде 484 мүмкін жұмыс органы нұсқасы алынды. Әр түрлі орта жағдайында жұмыс органдары қозғалысының төрт математикалық блогы әзірленіп, кесу мен тасымалдауға қарсы кедергі күштері ескерілді.Жасалған модельдер жер қазу үрдісінің энергия шығындарын азайтуға, беріліс күші мен айналу жиілігін оңтайландыруға, сондай-ақ машиналардың меншікті энергия сыйымдылығын төмендетуге мүмкіндік береді. Алынған нәтижелер жол-құрылыс техникасын жобалау мен жетілдіруде практикалық маңызға ие.