1920-30 ЖЫЛДАРДАҒЫ АҚТӨБЕ ӨҢІРІНДЕГІ ХАЛЫҚ НАРАЗЫЛЫҚТАРЫ МЕН КӨТЕРІЛІСТЕРІНІҢ НЕГІЗГІ СЕБЕПТЕРІ

2026

Полный текст Открытый доступ: Gold Метаданные (CSL-JSON)
DOI 10.26577/jh120120267
Достоверность данных 70 средняя
Как считается эта оценка

Складывается из проверяемых признаков самой записи: есть ли у статьи DOI, сколько независимых источников подтвердили её данные, заполнены ли обязательные поля и насколько свежо последнее подтверждение. Снижают оценку расхождения между источниками и отсутствие идентификатора. Значение от 80 означает, что запись опубликована без дополнительной проверки; от 60 до 79 — что она опубликована с пониженной достоверностью и ручная проверка желательна. Запись, выверенную редактором вручную, пересчёт не опускает ниже 90. Это оценка наших данных о статье, а не оценка самой статьи.

Аннотация

Аңдатпа. Кіріспе. Мақалада ХХ ғасырдың 20-30 жылдарында Кеңестік билік тарапынан жүргізілген саяси, экономикалық, рухани салалардағы асыра сілтеу саясатына қарсы Ақтөбе өңіріндегі болған халық көтерілістері мен наразылықтарына тарихи шолу және талдау жасалған. Зерттеудің мақсаты. Аталмыш мәселе туралы осыған дейін жарияланған тарихи зерттеулер мен деректерге және бұрын жарық көрмеген мұрағаттық материалдарға және басқа да түпдеректерге сүйене отырып көтерілістер мен наразылықтардың туындауы мен басталуының алғышаттарын және себептерін саралау мәселесі алға тартылады. Бұл мақсаттан туындайтын міндеттерге: түрлі деректер мен материалдарды жүйелеу; көтерілістер мен наразылықтарды туындау себептері бойынша тәртіптеу, топтастыру, көтерілістер мен наразылықтардың қозғаушы күштеріне, әлеуметтік құрамына талдау, ХХ ғасырдың 20-30 жылдарындағы саяси, қоғамдық және рухани ахуалға тарихнамалық және архвитік материалдарды саралау негізінде баға беру, олар туралы ой қорытулар жасау жатқызылады. Материалдар мен әдістер. Мақаланы жазуда осыған дейінгі жарияланған отандық және шет елдік зерттеушілердің еңбектері, Ақтөбе облыстық мұрағатының материалдарының мәліметтері пайдаланылып, Ақтөбе өңірінде ХХ ғасырдың 20-30 жылдары болған халық көтерілістері мен наразылықтарын себептері бойынша тәртіптеу; қамту аймақтары бойынша саралау; оларға қатынасушылардың құрамына әлеуметтік талдау; оқиғаларды тарихи, әлеуметтанулық, саяси, мәдени-рухани тұрғыдан бағалау әдістері қолданылды. Нәтижелер. Мақаланы жазуда қолданылған әдістер негізінде тарихи дәуірдің бейнесін көрсететін, кеңестік биліктің: мәжбүрлі ұйымдастыру, седентаризация, дінмен күрес, шовинизм, тұтас қоғам ішіне іріткі салу және т.б. әрекеттерінің халықтың жаппай бас көтеруіне әкелгендігі нақтыланды және жүйеленді, оларға баға берілді. Осы жасалған жұмыс нәтижелері негізінде Отан тарихы ғылымындағы алдағы уақытта осы тақырыптың заңдылықты жалғастылығы болатын мәселелер өзектендіріліп, күн тәртібіне қойылды. Және көтерілістер мен наразылықтардың алғышарттарының негізінде оларды жіктеу ұсынылады.