Телеконтенттегі медиаэффектілердің аудиторияға әсері

2026

Полный текст Открытый доступ: Gold Метаданные (CSL-JSON)
DOI 10.26577/hj79120261
Достоверность данных 70 средняя
Как считается эта оценка

Складывается из проверяемых признаков самой записи: есть ли у статьи DOI, сколько независимых источников подтвердили её данные, заполнены ли обязательные поля и насколько свежо последнее подтверждение. Снижают оценку расхождения между источниками и отсутствие идентификатора. Значение от 80 означает, что запись опубликована без дополнительной проверки; от 60 до 79 — что она опубликована с пониженной достоверностью и ручная проверка желательна. Запись, выверенную редактором вручную, пересчёт не опускает ниже 90. Это оценка наших данных о статье, а не оценка самой статьи.

Аннотация

Зерттеудің басты мақсаты - заманауи медиатұтыну тенденцияларын анықтап, телевизиялық контенттің сан қырлы аудиториялық топтарға әсер ету ерекшеліктерін эмпирикалық тұрғыда талдау. Зерттеу идеясы медиакеңістіктегі контент тұтыну мәдениетінің жас шамасына, әлеуметтік және технологиялық факторларға тәуелділігін ашу, сондай-ақ, аудиторияның медиконтентке қатынасының жаңа үлгілерін ұсынуында. Зерттеуде медиаэффектілер теориясы замануи контексте қарастырылып, медианың жеке тұлға мен қоғам санасына әсер етуі ғылыми-теориялық тұрғыда талданады. Ғылыми-практикалық тұрғыдан, зерттеу нәтижелері медиа саласы мамандарына, контент өндірушілер мен коммуникация саясатын қалыптастырушыларға аудитория сұранысына сай тиімді стратегиялық жоспар әзірлеуге көмектеседі. Зерттеу әдіснамасы сауалнама жүргізу, салыстырмалы және статистикалық талдау тәсілдеріне негізделген. Эмпирикалық деректер медиатұтыну платформаларының ерекшелігін, жас топтарының айырмашылығын және контентке деген талғам мен көзқарасты айқындауға мүмкіндік берді. Күтілетін нәтижелер - медиатұтыну үлгілерінің жас ерекшеліктеріне қарай жіктелуі, жаңа медианың әсер ету деңгейінің жүйеленуі және телевизиялық контенттің белгілі бір әлеуметтік топтар үшін маңызды ақпарат көзі болып табылатындығы. Зерттеудің құндылығы медиамәдениеттің динамикасын түсінуге, аудиторияның ақпараттық талғамын бағамдауға және медиа саясат пен коммуникациялық стратегияларды жетілдіруге мүмкіндік береді. Бұл жұмыс қазіргі ақпараттық қоғам жағдайында медиатұтыну үрдістерін жүйелі зерттеуге арналған маңызды практикалық еңбек ретінде қарастыруға болады.