ҚОЖА АХМЕТ ЯСАУИ МЕН МӘУЛАНА ШЫҒАРМАШЫЛЫҒЫНДАҒЫ СОПЫЛЫҚ КӨЗҚАРАСТАРҒА ТАЛДАУ

2026

Полный текст Открытый доступ: Gold Метаданные (CSL-JSON)
DOI 10.59358/ayt.1873824
Достоверность данных 70 средняя
Как считается эта оценка

Складывается из проверяемых признаков самой записи: есть ли у статьи DOI, сколько независимых источников подтвердили её данные, заполнены ли обязательные поля и насколько свежо последнее подтверждение. Снижают оценку расхождения между источниками и отсутствие идентификатора. Значение от 80 означает, что запись опубликована без дополнительной проверки; от 60 до 79 — что она опубликована с пониженной достоверностью и ручная проверка желательна. Запись, выверенную редактором вручную, пересчёт не опускает ниже 90. Это оценка наших данных о статье, а не оценка самой статьи.

Аннотация

Бұл мақалада Қожа Ахмет Ясауи мен Мәулана Жәләл әд-Дин Руми шығармашылығындағы сопылық дүниетаным ғылыми тұрғыда талданады. Зерттеуде екі ойшылдың еңбектерінің ислам өркениетінде сопылық философияны қалыптастырудағы орны айқындалады. Қожа Ахмет Ясауидің «Диуани хикметі» түркілік ортада сопылық ойдың таралуына ықпал еткені көрсетіледі. Мәулананың «Мәснәуи» және «Диуани Кәбир» еңбектері арқылы сопылық ілім жаңа деңгейге көтерілгені дәлелденеді. Екі тұлғаның дүниетанымы адам мен Жаратушы арасындағы махаббат, рухани тазару және кемелдікке жету идеяларымен сипатталады. Авторлар қоғамдағы татулық пен бірліктің сопылық ілім арқылы нығаятынын негіздейді. Жеке тұлғаның рухани дамуы әлеуметтік тұрақтылықпен сабақтас екендігі айтылады. Ясауи ілімі тіл, мәдениет және география ұстанымдарына негізделген өркениеттік бағдар ретінде қарастырылады. Мәулананың философиясында махаббат метафизикасы және рухани жетекшілік әдісі ерекше орын алады. Мақалада екі ойшылдың сопылық көзқарастарының өзара сабақтастығы салыстырмалы талдау негізінде ашылады. Сонымен бірге, олардың пайғамбарлық жолды рухани кемелдік үлгісі ретінде қабылдағаны атап өтіледі. Ахмет Ясауи мен Мәулананың еңбектері әдебиет, музыка, мәдениет және әлеуметтік ой тарихымен байланыста қарастырылған. Түркілік дәстүрдің Анадолы сопылық мектебіне ықпалы сарапталады. Мақалада сопылық тәжірибелердің әлеуметтік қарым-қатынастарға тигізген ықпалы да көрсетіледі. Қорытындысында Ясауи мен Мәулананың сопылық мұралары бүкіл мұсылмандық кеңістікте маңызды рухани бағдар болғаны түйінделеді.