Қазақ, әзербайжан және саха тілдеріндегі этнолексиканың семантикалық эволюциясы (көне түркі түбірлері негізінде)

Turkic Studies Journal, 2026

Полный текст Открытый доступ: Gold Метаданные (CSL-JSON)
DOI 10.32523/2664-5157-2026-1-237-262
Достоверность данных 70 средняя
Как считается эта оценка

Складывается из проверяемых признаков самой записи: есть ли у статьи DOI, сколько независимых источников подтвердили её данные, заполнены ли обязательные поля и насколько свежо последнее подтверждение. Снижают оценку расхождения между источниками и отсутствие идентификатора. Значение от 80 означает, что запись опубликована без дополнительной проверки; от 60 до 79 — что она опубликована с пониженной достоверностью и ручная проверка желательна. Запись, выверенную редактором вручную, пересчёт не опускает ниже 90. Это оценка наших данных о статье, а не оценка самой статьи.

Аннотация

Зерттеудің мақсаты – қазақ, саха (якут) және әзербайжан тілдеріндегі көне түркі морфемалары негізінде қалыптасқан этнографиялық лексиканың семантикалық ерекшеліктерін сипаттау және салыстырмалы сипаттамасын жасау. Түбір морфема тілдің таңбалық бірлігі ретінде өзінің лексикалық мағынасы арқылы шындық болмыстағы затпен байланысты білдіреді, бұл мағына тарихи және этномәдени тұрғыдан айқындалуы мүмкін. Мақала қазақ, саха (якут) және әзербайжан тілдеріндегі түп тамыры көне түркі түбірлеріне барып тірелетін этнографиялық лексиканың қазіргі семантикалық құрылымының, ұқсастықтары мен айырмашылықтарының салыстырмалы сипаттамасына арналған. Аталған үш тілдің таңдалуы олардың генетикалық және типологиялық ортақтығына қарамастан, ареалдық тұрғыдан айтарлықтай алшақтығымен түсіндіріледі. Бұл қазіргі түркі тіл дерінің түбір морфемаларында ежелгі семантикалық қабаттардың қалай сақталғанын анықтауға, сондай-ақ әртүрлі мәдени-тарихи ортаға байланысты түркі сөздеріндегі семантикалық өзгерістерді көрсетуге мүмкіндік береді. Зерттеу барысында Көне түркі сөздігі (ДТС) және этимологиялық сөздіктер негізінде негізгі семантикалық салаларға қатысты 16 көне түркі түбірі іріктеліп алынды: табиғи орта (su, kün, taş, kök, jol); көшпелі шаруашылық (at, mal, süt, kümüş); әлеуметтік қатынастар (kiši, aqa, beg, bala); рухани мәдениет (til, baš, jüräk). Әрбір түбір бойынша Көне түркі сөздігінен барлықлексика-семантикалық нұсқалар (ЛСН) анықталып, олардың қазіргі зерттеліп отырған тілдердегі дамуы түсіндірме сөздіктер мен ұлттық корпустар (QazCorpus, SakhaCorpus, AZLEKS) деректері арқылы қадағаланды. Салыстырмалы, семантикалық және контекстік талдау әдістері қолданылды. Қазіргі семантикалық жағдайдың негізгі сипаттамалары анықталды: номинативті семантиканың сақталуы, метафоралық мағыналардың болуы, семантикалық тарылу мен кеңею нәтижелері. Табиғи орта және материалдық мәдениет лексикасы жоғары тұрақтылық танытатыны, ал әлеуметтік қатынастар мен рухани сала лексикасы метафоралануға, мағынаның тарылуына немесе кеңеюіне бейім екендігі анықталды. Ареалдық тұрғыдан ең айқын семантикалық ерекшелік якут тілінде тіркелді, бұл субстраттық факторлар мен ерекше мәдени ортаның әсерімен түсіндіріледі. Якут тілінде архаикалық элементтер де (көне мағыналардың сақталуы), инновациялар да (семантикалық ығысулар, жаңа коннотациялардың дамуы, мысалы, тыл «сөз» мағынасында, аҕа «әке» мағынасында) байқалады. Қазақ және әзербайжан тілдері семантикада ұқсас модельдерді көрсетеді. Зерттеуде көшпелі шаруашылыққа, әлеуметтік статусқа және дүниетанымдық концептілерге қатысты этнографиялық лексемаларға ерекше назар аударылады. Оларды салыстыру ежелгі категориялардың тұрақтылығын да, әлеуметтік құрылымның өзгеруі және басқа факторлар нәтижесінде пайда болған семантикалық айырмашылықтарды да көрсетеді. Әртүрлі тарихи даму жағдайындағы тілдерде ортақ семантикалық модельдердің сақталуы олардың біртұтас түркі тілдік негізге жататындығын дәлелдейді.