ҚАБЫНУҒАҚАРСЫӘСЕРІБАРБЕЛСЕНДІФИТОКОМПОНЕНТТЕРДІЗЕРТТЕУДІҢШОЛУЫМЕН ПЕРСПЕКТИВАЛАРЫ

2026

Полный текст Открытый доступ: Hybrid Метаданные (CSL-JSON)
DOI 10.53002/132
Достоверность данных 70 средняя
Как считается эта оценка

Складывается из проверяемых признаков самой записи: есть ли у статьи DOI, сколько независимых источников подтвердили её данные, заполнены ли обязательные поля и насколько свежо последнее подтверждение. Снижают оценку расхождения между источниками и отсутствие идентификатора. Значение от 80 означает, что запись опубликована без дополнительной проверки; от 60 до 79 — что она опубликована с пониженной достоверностью и ручная проверка желательна. Запись, выверенную редактором вручную, пересчёт не опускает ниже 90. Это оценка наших данных о статье, а не оценка самой статьи.

Аннотация

Фармацевтикалық ғылымның дамуымен және қабыну процестерімен қатар жүретін аурулар санының артуымен қабынуға қарсы әсері бар белсенді фитокомпоненттер фармацевтикалық технология мен медицина саласындағы маңызды зерттеу нысанына айналуда. Қабыну көптеген созылмалы және жедел патологиялардың негізінде жатады, бұл оны түзету үшін тиімді әрі қауіпсіз құралдарды іздеудің қажеттілігін айқындайды. Синтетикалыққабынуғақарсыпрепараттаркеңіненқолданылғанынақарамастан, олардың пайдаланылуы жиі жанама әсерлермен шектеледі, осыған байланысты өсімдік тектес биологиялық белсенді заттарға қызығушылық артып отыр.Фитокомпоненттер көпбағытты әсер ету механизмімен және қауіпсіздік тұрғысынан неғұрлым қолайлы профилімен сипатталады. Соңғы жылдары тек дәрілік өсімдіктерді жалпы түрде ғана емес, қабынуға қарсы әсерді анықтайтын жекелеген белсенді компоненттерді зерттеуге бағытталған ғылыми жұмыстардың саны көбейіп келеді. Аталған мақалада қабынуға қарсы әсері бар белсенді фитокомпоненттердің негізгі топтары, олардың ерекшеліктері мен әсер ету механизмдері, сондай-ақ фармацевтикалық технологияда эксперименттік зерттеу және қолдану перспективалары қарастырылған.