ЖЕКЕ ӨМІРГЕ ҚОЛ СҰҒЫЛМАУШЫЛЫҚТЫҢ АЛДЫН АЛУ ЖӘНЕ ҚҰҚЫҚТЫҚ КҮРЕСУДІҢ ПРОБЛЕМАЛАРЫ

2026

Полный текст Открытый доступ: Gold Метаданные (CSL-JSON)
DOI 10.26577/japj2025116413
Достоверность данных 70 средняя
Как считается эта оценка

Складывается из проверяемых признаков самой записи: есть ли у статьи DOI, сколько независимых источников подтвердили её данные, заполнены ли обязательные поля и насколько свежо последнее подтверждение. Снижают оценку расхождения между источниками и отсутствие идентификатора. Значение от 80 означает, что запись опубликована без дополнительной проверки; от 60 до 79 — что она опубликована с пониженной достоверностью и ручная проверка желательна. Запись, выверенную редактором вручную, пересчёт не опускает ниже 90. Это оценка наших данных о статье, а не оценка самой статьи.

Аннотация

Бұл мақалада жеке өмірге қол сұғылмаушылықтың алдын алу және қылмыстық-құқықтық күресудің проблемалары қарастырылған. Жеке және отбасы құпиясын құрайтын ақпараттарды таратуға байланысты құқықтық аспектілер, оның салдары және алдын алу шаралары зерттеліп, адамның қызметтік немесе қоғамдық міндеттерін орындауына кедергі жасау мақсатында жасалатын ақпараттық шабуылдардың құқықтық негіздері, олардың салдары мен күресу жолдары талқыланған. Дербес деректерді қорғау саласындағы құқықтық механизмдердің тиімділігі қоғамда ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз етудің негізгі шартына айналды. Жеке өмірге қолсұғылмаушылық және дербес деректерді қорғау саласындағы құқықтық реттеу мәселелері мен өңдеудің құқықтық аспектілері, оның салдары және оны болдырмауға бағытталған шаралар талқыланады. Жеке және отбасы құпиясын құрайтын деректерді заңсыз тарату мәселесі тек құқықтық ғана емес, әлеуметтік және этикалық сипатқа да ие. Бұл мәселені шешу үшін құқықтық тетіктерді жетілдірумен қатар, қоғамда ақпараттық мәдениетті арттыру маңыздылығын зерттеген. Әрбір азамат өзінің жеке мәліметтерін қорғау және оны үшінші тұлғалардың заңсыз әрекеттерінен сақтандыру үшін тиісті шараларды қолдануы қажеттігін талқылаған. Қазақстанда жеке өмірге қол сұғылмаушылықты қамтамасыз ету тек мемлекеттік органдардың ғана емес, сондай-ақ әрбір азаматтың да ортақ міндетін зерттеген. Түйін сөздер: жеке өмір, дербес дерек, ақпараттық қоғам, сталкинг, қылмыстық-құқықтық, мораль, азаматтық құқықтық