ҚАЛАЛЫҚ ШАРУАШЫЛЫҚТЫ ЦИФРЛЫҚ ДАМЫТУДЫҢ ШЕТЕЛ МОДЕЛДЕРІ МЕН ҚАЗАҚСТАНДА ҚОЛДАНУ МҮМКІНДІКТЕРІ

2025

Закрытый доступ Метаданные (CSL-JSON)
DOI 10.52260/2304-7216.2025.4(61).38
Достоверность данных 70 средняя
Как считается эта оценка

Складывается из проверяемых признаков самой записи: есть ли у статьи DOI, сколько независимых источников подтвердили её данные, заполнены ли обязательные поля и насколько свежо последнее подтверждение. Снижают оценку расхождения между источниками и отсутствие идентификатора. Значение от 80 означает, что запись опубликована без дополнительной проверки; от 60 до 79 — что она опубликована с пониженной достоверностью и ручная проверка желательна. Запись, выверенную редактором вручную, пересчёт не опускает ниже 90. Это оценка наших данных о статье, а не оценка самой статьи.

Аннотация

Экономиканың цифрлық трансформациясы жағдайында қалалық инфрақұрылымды цифрландыру жергілікті басқарудың тиімділігін арттырудың және халықтың өмір сүру сапасын жақсартудың негізгі факторларының бірі болып табылады. Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, көлік, энергетика және қалалық қызметтер саласына цифрлық технологияларды енгізу ресурстарды ұтымды пайдалануға, шығындарды қысқартуға және тұрақты қалалық экожүйелерді қалыптастыруға мүмкіндік береді. Цифрлық даму стратегиясын жүзеге асырып отырған Қазақстан Республикасы үшін қалалық шаруашылықты цифрландырудың шетелдік тәжірибесін зерделеу және оны ұлттық әлеуметтік-экономикалық жағдайларға бейімдеу өзекті мәселе болып табылады. Мақаланың мақсаты – қалалық инфрақұрылымды цифрлық трансформациялаудың шетелдік модельдерін талдау және оларды Қазақстан жағдайында қолдану мүмкіндіктерін негіздеу. Зерттеудің әдіснамалық негізін салыстырмалы және жүйелік талдау әдістері, ғылыми жарияланымдарды жалпылау, сондай-ақ Еуропа, Азия және Солтүстік Америка елдеріндегі қалаларды цифрландыру тәжірибелерін кейстік талдау құрайды. Зерттеу нәтижесінде қалалық инфрақұрылымды цифрландырудың үш негізгі моделі анықталды: азаматтардың қатысуына және тұрақты дамуға бағытталған еуропалық модель; жасанды интеллект пен цифрлық платформаларды кеңінен қолданатын орталықтандырылған азиялық модель; «Заттар интернеті», үлкен деректерді талдау және мемлекеттік-жекешелік әріптестікке негізделген америкалық модель. Цифрлық шешімдерді енгізудің әлеуметтік-экономикалық әсерлері, оның ішінде энергия тиімділігінің артуы, муниципалдық қызметтердің сапасының жақсаруы және басқару ашықтығының өсуі бағаланды. Шетелдік тәжірибені Қазақстандағы қалалық инфрақұрылымның цифрлану деңгейімен салыстыру халықаралық модельдерді бейімдеудің перспективалы бағыттарын айқындауға мүмкіндік берді. Қалаларды цифрлық дамыту стратегиясын технологиялық жаңалықтармен қатар институционалдық реформалар мен адами капиталды дамыту арқылы кешенді түрде қалыптастыру қажеттілігі негізделді. Қазақстанда қалалық инфрақұрылымды цифрландырудың табысты жүзеге асуы халықаралық тәжірибені ұлттық ерекшеліктерді ескере отырып интеграциялауға байланысты екендігі анықталды. In the context of the digital transformation of the economy, the digitalization of urban infrastructure has become a key factor in improving the efficiency of municipal governance and enhancing the quality of life of the population. The integration of digital technologies into housing and communal services, transport, energy systems, and urban management contributes to more rational use of resources, cost reduction, and the development of sustainable urban ecosystems. For the Republic of Kazakhstan, which is implementing a national digital development strategy, the analysis and adaptation of international models of urban digitalization is of particular relevance. The purpose of this study is to analyze foreign models of digital transformation of urban infrastructure and to substantiate the possibilities of their application in the socio-economic conditions of Kazakhstan. The methodological framework is based on comparative and systems analysis, generalization of scientific literature, and case study analysis of digitalization practices in cities of Europe, Asia, and North America. The study identifies three main models of urban digitalization: the European model, focused on sustainable development and citizen participation; the Asian model, characterized by centralized management and extensive use of artificial intelligence and digital platforms; and the American model, based on the integration of the Internet of Things, big data analytics, and public–private partnership mechanisms. A comparison of international experience with the current level of digitalization of urban infrastructure in Kazakhstan makes it possible to determine promising directions for adapting global practices to national conditions. The study substantiates the need for a comprehensive urban digitalization strategy that combines technological innovation with institutional reforms and human capital development. It is concluded that successful digitalization of urban infrastructure in Kazakhstan requires an adaptive approach that integrates international models while considering national specificities and the level of regional socio-economic development.