Галофитті өсімдіктердің ауыр металдар және тұздармен ластанған топырақтарды фитотазартудағы рөлі: дүниежүзілік тәжірибе және Қазақстан үшін мүмкіндіктер

2026

Полный текст Открытый доступ: Hybrid Метаданные (CSL-JSON)
DOI 10.32523/c1c0kp74
Достоверность данных 70 средняя
Как считается эта оценка

Складывается из проверяемых признаков самой записи: есть ли у статьи DOI, сколько независимых источников подтвердили её данные, заполнены ли обязательные поля и насколько свежо последнее подтверждение. Снижают оценку расхождения между источниками и отсутствие идентификатора. Значение от 80 означает, что запись опубликована без дополнительной проверки; от 60 до 79 — что она опубликована с пониженной достоверностью и ручная проверка желательна. Запись, выверенную редактором вручную, пересчёт не опускает ниже 90. Это оценка наших данных о статье, а не оценка самой статьи.

Аннотация

Топырақтың тұздануы мен ауыр металдармен ластануы қазіргі кезеңде жер ресурстарының деградациясына алып келетін негізгі экологиялық факторлардың қатарына жатады. Бұл құбылыстар әсіресе құрғақ және жартылай құрғақ аймақтарда кең таралып, ауыл шаруашылығы өнімділігінің төмендеуіне, топырақтың физика-химиялық қасиеттерінің бұзылуына және экожүйелердің тұрақтылығының әлсіреуіне себеп болуда. Аридті климат жағдайында тұздану мен техногендік ластану көбіне бір мезгілде байқалып, топырақтың табиғи өзін-өзі қалпына келтіру процестерін айтарлықтай шектейді. Осыған байланысты экологиялық тұрғыдан қауіпсіз әрі ұзақ мерзімді қалпына келтіру тәсілдерін іздеу өзекті болып отыр. Бұл шолу-зерттеуде тұзданған және ауыр металдармен (Pb, Cd, Zn, Cu) ластанған топырақтарды фитотазартуда галофитті өсімдіктердің рөлі жан-жақты қарастырылды. Әсіресе Salicornia europaea, Suaeda, Atriplex және басқа да галофит түрлерінің тұз иондары мен ауыр металдарды жинақтау қабілеті физиологиялық және молекулалық деңгейде талданды. Дүниежүзілік зерттеулердің нәтижелері Қазақстан аумағындағы деректермен салыстырылып, фиторемедиация тиімділігіне әсер ететін экологиялық және геохимиялық факторлар айқындалды. Зерттеу нәтижелері галофитті өсімдіктердің кешенді ластанған топырақтарда тұздану деңгейін төмендетумен қатар ауыр металдардың биожетімді және жылжымалы формаларын азайта алатынын көрсетті. Қазақстан жағдайында галофиттерді қолдану деградацияланған жерлерді қалпына келтіру, экожүйелік тұрақтылықты арттыру және экологиялық тәуекелдерді басқару тұрғысынан перспективті бағыт болып табылады. Алынған қорытындылар фиторемедиацияны табиғи-бағдарланған және ғылыми негізделген шешім ретінде практикалық қолдануға мүмкіндік береді. Бұл бағытты дамыту жер ресурстарын ұтымды пайдалану, экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету және тұрақты агроэкожүйелерді қалыптастыру үшін маңызды.