МЕШІТ ИМАМЫ ЖӘНЕ ОНЫҢ ҚОҒАМНЫҢ ТҰРАҚТЫЛЫҒЫ МЕН ДАМУЫНДАҒЫ ЫҚПАЛЫ

2025

Закрытый доступ Метаданные (CSL-JSON)
DOI 10.63727/ris202551-7
Достоверность данных 70 средняя
Как считается эта оценка

Складывается из проверяемых признаков самой записи: есть ли у статьи DOI, сколько независимых источников подтвердили её данные, заполнены ли обязательные поля и насколько свежо последнее подтверждение. Снижают оценку расхождения между источниками и отсутствие идентификатора. Значение от 80 означает, что запись опубликована без дополнительной проверки; от 60 до 79 — что она опубликована с пониженной достоверностью и ручная проверка желательна. Запись, выверенную редактором вручную, пересчёт не опускает ниже 90. Это оценка наших данных о статье, а не оценка самой статьи.

Аннотация

Тілдік тұрғыдан алып қарағанда имам «өзіне ерілетін тұлға» деген мағынаны білдіреді (Әл-Жәуһәри, 1987: 5-1865). Ислам тарихында халыққа бағыт-бағдар беріп, оларды басқарып отыратын адамдар имам деп аталған. Алла елшісі (с.а.с.) соңынан ерген мұсылмандардың имамы болды. Діни және дүниелік тіршілікке қатысты барлық жұмыстардың жауаптысы Алла елшісі (с.а.с.) өзі болды. Алла елшісі (с.а.с.) дүниеден өткеннен кейін келген халифалар да үммет үшін имам болып есептелді (Sabri, 2002: 178). Яғни ол замандарда имам мемлекеттің барлық тыныс-тіршілігіне, тіпті діни амалдары үшін де жауапты басшы болатын. Ал күнімізде имам сөзі дін саласындағы қызмет атқаратын кадрларға қолданылатын бір термин халіне келгендігін көреміз. Демек имам дегеніміз біздің елімізде мешітте жұмыс атқаратын дін қызметкер болып табылады. Олай болса осы мақаламызда имамның қызметіне және оның қызметі арқылы қоғамның тұрақтылығы мен дамуындағы орны мен маңызын кішігірім тақырыптарға бөліп айқындайтын боламыз.