БАПТИСТІК ШІРКЕУДІҢ ҚАЛЫПТАСУ АЛҒЫШАРТТАРЫ

2024

Закрытый доступ Метаданные (CSL-JSON)
DOI 10.63727/ris202444-9
Достоверность данных 70 средняя
Как считается эта оценка

Складывается из проверяемых признаков самой записи: есть ли у статьи DOI, сколько независимых источников подтвердили её данные, заполнены ли обязательные поля и насколько свежо последнее подтверждение. Снижают оценку расхождения между источниками и отсутствие идентификатора. Значение от 80 означает, что запись опубликована без дополнительной проверки; от 60 до 79 — что она опубликована с пониженной достоверностью и ручная проверка желательна. Запись, выверенную редактором вручную, пересчёт не опускает ниже 90. Это оценка наших данных о статье, а не оценка самой статьи.

Аннотация

Мақалада протестант бағытындағы евангелші христиан-баптистері, олардың пайда болуының тарихы мен саяси теология тұрғыда қалыптасқан алғышарттары зерттеледі. Жұмыстың негізгі бағыты – евангелші христиан-баптистері. Сонымен қатар бағыттың тарихы мен теологиясына мән бере отырып, Қазақстандағы миссионерлік жоспарын зерттеудің алғышарттарын бағалау. Сондай-ақ баптизмнің негізін салушы Джон Смиттің діни көзқарасының қалыптасуына себеп болған реформаторлар, анабаптистер, пуритандар, меннониттер сияқты топтың философиялық, діни, әлеуметтік көзқарасына талдау жасалады. Оның діни ұстанымына, сананың және шіркеудің саяси биліктен тәуелсіздік алу идеяларына, сондай-ақ Джон Смиттің діндар адамдардың этикасы мен тұлғалық қасиетіне байланысты ұстанымдарына тоқталамыз. Миссионерлік әрекеттері сакралды жазбалар мен тарихи деректер арқылы талданады. Реформациядан кейін Қайта өрлеу дәуіріндегі Еуропадағы протестанттық діни мектептің қалыптасуы, теологиялық ерекшеліктері мен гуманизм нормалары қарастырылады. Баптизмнің Англияда тараған бағытының ерекшелігі мен сол елде жазылған «Сенім декларациясы» сараланады. АҚШ-тағы табысты да нәтижелі миссионерлік әрі гуманистік әрекеттеріне талдау жасалып, «Филадельфия ассоциациясы» заңдары талқыланады. АҚШ-тағы баптистер санының қарыштап өсу себептері анықталады. Қазақстандағы евангелші христиан-баптистерінің миссионерлік қызметіне дейінгі бірігуі, деноминациялары, бағыттарға бөлінуі қарастырылады. Миссионерлік жалпылама діни мәтіндермен салыстырылып зерттеледі.